{metadescription}
Вакцина салдырғандарға ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ
Вакцина салдырғандарға ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ

Вакцина салдырғандарға ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ

Вакцинаны толық қабылдағандарға ПТР-тест тапсырып керегі жоқ. Олар коронавируспен ауыратындармен байланыста болса да, бұрынғыдай оқшауланып жатпайды. Тек бұл талап Үндістаннан келетін азаматтарға ғана жүрмейді.

Үндістандағы жағдай әлем назарын аударып отырғандықтан, біздің елде де бақылау күшейтілген. Вакцина салдырды ма, ПТР-тест теріс нәтиже берді ме, оған қарамайды.

Үндістаннан келгендер міндетті түрде 14 күн үйінде оқшау жатуы керек. Ал қазақстандықтарға вакцина салу одан әрі күшейтіледі. Денсаулық сақтау министрлігі бұл науқанды енді ауылдарда өткізуге кіріскелі жатыр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елде вакциналау уақыт өткен сайын күшетіліп келеді. Министр мысалға мынаны келтіреді: 1-әуірмен салыстырғанда күніне вакцинаның бірінші және екінші бөлігін қабылдайтындар саны 11 мыңнан 135 мың адамға, яғни 12 есе артқан. Оның үстіне өңірлерге вакцина жеткізу уақытынан кешіктіріліп жатқан жоқ.

Қазір Қазақстанда үш түрлі вакцина қолданылып жатыр. Ол: ресейлік «Спутник V», қытайлық Hayat-Vaх және отандық QazVaс. Сәуірдің аяғындағы дерек бойынша, бар аймаққа 2 миллион 300 мың дозадан астам вакцина жеткізілген. Соның бірінші бөлігін салдырғандардың саны 1 жарым миллионға жуықтаса, екінші бөлігін алғандары 350 мың. Бірақ бұл вакциналауға жататын халықтың небәрі 15 пайызы ғана.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Ковид-19-ға қарсы вакцинаны толық қабылдаған жағдайда ПТР-тест тапсырып керегі жоқ. Ауруханаға жатуы үшін, ұжымдық шараларға баруы үшін немесе вахталық жұмысшылар мен іс-сапарда жүрген, еңбек демалысынан келген медицина қызметкерлеріне міндеттелмейді. Бұл өзгеріс сондай-ақ, медициналық ЖОО мен колледждерінің студенттері мен басқа да тұлғаларға қатысты.

Вакцина алғандар коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болса, бұрынғыдай оқшауланып жатпайды. Бірақ олар медициналық бақылауға алынады. Тағы бір жайт, мұндай жағдайда кеңсе қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге жіберу деген міндет жоқ. Ал сырттан ұшып келетіндер, әсіресе  күніне 400 мың науқас тіркеліп жатқан Үндістаннан келетіндер міндетті түрде үй карантинінде жатуы керек.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: 

Соңғы 14 күн ішінде Үндістан аумағында болып, Қазақстанға келіп жатқан тұлғалар 14 күн үй карантинінде өз-өзін оқшаулап жатуы керек. Оның Ковид-19-ға қатысты ПТР-тестінің теріс нәтижелі анықтамасы немесе вакцина алғандығын растайтын қағазының болуы маңызды емес. Бұл талап Үндістаннан үшінші елдер арқылы келіп жатқандарға да қатысты.

Ал ашық аспан астында жұмыс істейтін әлеуметтік-экономикалық нысандарға қатысты карантин талабы жеңілдетілді. Бұған дейін «қызыл» аймақтағылар ішінде Алматы, одан соң елордада рұқсат берілген. Енді бүкіл өңірде ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтандыру орындарына рұқсат беріліп отыр. Оған қоса спорттық шаралар мен балалардың оңалту орындарына да талап жеңілдетілді. 

Вакциналауға қатысты айта кетерлік тағы бір жайт: вакцинация қарқынын үдету үшін екпе шаралары енді ауылдық жерлерде де өткізіледі. Ол үшін өңір басшылары осы мәселеге қазірден бас қатыруы тиіс. Себебі: осы мамыр айында жаңадан кемі 2 миллион қазақстандық вакцина алуы тиіс. Ал ауылдарда ең ұтымдысы, жылжымалы медицина кешендері кең қолданылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.