{metadescription}
Алматы: Вакцина салдырғандар КВИ қарқынын төмендеткен
Алматы: Вакцина салдырғандар КВИ қарқынын төмендеткен

Алматы: Вакцина салдырғандар КВИ қарқынын төмендеткен

Алматыда вакцина салдырғандар саны бүгінде 200 мыңнан асты. Бұл қаладағы коронавирустың таралу қарқынын біршама төмендетті дейді мамандар. Ал кесел жабысқандардың 90 пайызы ауру белгісі бар науқастар. Бұрыңғыдай індет тек қанынан табылып, ауырмай жүре беретіндер азайыпты.

Алматыда соңғы тәулікте 658 жанға кесел жабысқан. Бұл өткен аптамен салыстырғанда едәуір төмен көрсеткіш. Бірақ жыл басынан бері шаһарда коронавирус құрығына іліккендердің 90 пайызы – ауру белгілері бар науқастар. Бұрыңғыдай тек қанынан ғана індет табылып, ешқандай ауру белгісі анықталмаған науқастар күрт азайған. Қазір қаладағы инфекциялық стационарларда 3767 адам індетпен күресіп жатыр. Оның 99-ы – бала.

Эпидахуалдың біршама жақсаруын мамандар жаппай вакциналаумен байланыстырады. Қала тұрғындары алдағы уақытта «Спутник-V» мен QazVac-тан бөлек, Sinofarm вакцинасын да таңдау мүмкіндігіне ие болады. Қазір қалаға қытайлық екпенің 15 мың дозасы әкелінген. 

Балжан Қалықова, Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Мамандар өткен аптамен салыстырып зерттеу жүргізді. Тұрғындар көбінесе сауда орталықтары мен базарда, қоғамдық көлікте ауру жұқтыру қаупі жоғарғы екенін көрдік. Сондай-ақ вирусты бір адам үйге вирус алып келіп, отбасы мүшелері түгел мұрттай ұшқан оқиғалар бар. Мұндай жағдай әсіресе ауызашар ұйымдастырған әулетте жиі кездеседі.

Пандемия басталғалы қалада 1600-ден астам медицина қызметкері аурумен арпалысқан. Оның 1400-і коронавирус инфекциясын жұқтырса,  200-ден астамының қос өкпесі қабыныпты. Дәрігерлердің жартысынан көбі кеселмен күресте мұрттай ұшқан. Қазір де өзгені емдеймін деп өзі аурумен бетпе-бет келетін ақ халаттылар азаймай тұр.

Балжан Қалықова, Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Коронавирус ауруынан кейінгі иммунитет көптеген ерекшелікке ие және адамның жеке иммунитетіне байланысты. Адамның ауырып, одан емделгені оның иммунитетінің қорғалғанын білдірмейді. Коронавирустың кез келген түрімен ауырып, жазылса да, оның ағзасындағы антиденелер азайған кезде ол қайта жұқтырып алуы мүмкін. Сондықтан вакциналау мәселесіне барынша байыппен қарау керек.

Ақпан айынан бері қалада 220 мыңнан астам адам екпе салдырған. Ресейлік «Спутник-V» вакцинасының толық 2 компонентін 28 066 адам алыпты. Ал отандық QazVac-ты 3 мыңға жуық тұрғын ектірді. Енді бұл қатарға қытайлық вакцина салдыратындар қосылады. Шаһарда вакцина мөлшері жеткілікті. Мамандар жұртты жаппай екпе салдыруға шақырады. Өйткені ауруды тек ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ауыздықтауға болады. Бұл әлемдік деңгейде дәлелденген ұғым дейді санитарлар. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.