{metadescription}
Індет кесірінен оқушылардың білімі төмендеген  
Індет кесірінен оқушылардың білімі төмендеген  

Індет кесірінен оқушылардың білімі төмендеген  

Биыл мектептер 19 маусымға дейін жұмыс істейді. Себебі, індет кесірінен ұл-қыздардың білім деңгейі төмендеп кеткен. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін осындай шара қолға алынды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Дәстүрдегідей биыл да оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бірақ содан кейін 19-маусымға дейін жазғы мектептердің жұмысын ұйымдастыруымыз қажет. Бұл қосымша қаражат қажет етпейді. Жалақы осы уақытқа қарастырылған. Осыны жақсылап тұрып мұғалімдерге, бәріне түсіндіруіміз керек.

Коронавирусқа байланысты оқу процесінің түрлі форматта ұйымдастырылуы білім деңгейіне кері әсер етпей қоймаған. Мұны министрліктегілер электрондық күнделік жүйесінен байқапты. Сол себепті жазғы мектептер ашу туралы шешім қабылданған. Оған қалаған оқушы қатыса алады. Тек ата-анасы өтініш жазуы қажет. Жазғы мектепте, әсіресе биылғы оқу жылында үнемі қашықтықтан оқыған 6,7, 8 және 10 сыныптарға, сондай-ақ, оқу үлгерімі төмен балаларға басымдық беріледі. Әдеттегідей тегін оқытылады. Мектеп формасын кию талап етілмейді. Үй тапсырмасы да берілмейді әрі  шара ұстаздардың еңбек демалысына еш кедергі келтірмейді деп сендірді ведомство өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде