{metadescription}
Мұнайлыда мал жайылымына газ қалдығы төгіліп жатыр
Мұнайлыда мал жайылымына газ қалдығы төгіліп жатыр

Мұнайлыда мал жайылымына газ қалдығы төгіліп жатыр

Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының тұрғындары газға уланып отырмыз деп шу шығарды. Айтуларынша, ірі газ таратушы компания мал жайылатын жерге құбырдан көгілдір отын  қалдығын төгеді екен.

Соның салдарынан будақтаған қою қара түтін ауаны ластап жұрттың үрейін ұшырған. Үш жылдан бері тынысымыз тарылды деген жұрт қалдық төгуге қарсы.  

- Тек қана бізге емес, Қызылтөбе, Маңғышлақ, Ақтау – газ барлық жаққа кетіп жатыр. Күнде жібереді.

Халық арасында «Разъезд Р» деп аталып кеткен бұл жердегі күнделікті көрініс осы дейді Қалижан Исатаев. Айнала қап-қара түтінге оранып, жағымсыз иіс ауаға жайылған. Бұған себеп: құбырдан күніне екі рет жіберілетін газ қалдығы. Жердегі жасыл жусанға дейін түсі өзгеріп шығып жатыр дейді тұрғындар.   

Қалижан Исатаев, Мұнайлы ауданының тұрғыны:

- Жусанды көріп тұрсыз, қап-қара. Бұл жерде мал жейтін ештеңе жоқ. Адам тұрмақ, мал да демала алмай қалады. Малдар да жөтеліп қалады. Бұл жерде Батырға да, Ақтауға да, Маңғышлаққа да бәріне қатысы бар. Неге десеңіз, кешке желсіз кезде ауада газдың иісі шығып тұрады.  

Есенмұрат Селиков, «Еңбек» шаруа қожалығының иесі:

- Экология мамандары тексеріп, мына жерді тазаласын. Бірдеңе қылу керек қой. Адам баласына, халыққа зиян. Тек малға зиян дейміз, мысалы, малдың етін жеп, сүтін ішеміз. Бәрі зиян болады ғой.

Бұл жер Мұнайлы ауданындағы Батыр, Қызылтөбе ауылымен қоса, Ақтау қаласымен де шектеседі. Сондықтан зияны ауаға жайылып барлығына тиіп жатыр дейді жиналғандар. Ал облыс экология департаменті үш жылдан бері ауаны ластап келген компанияны енді ғана тексеріп жатыр.

Ержан Жұмашев, Маңғыстау облысы экология департаментінің бөлім басшысы:

- Газдың ауаға таралуы бойынша «ҚазТрансгаз аймақ» мекемесіне жоспардан тыс тексеріс ашылды. Оның қорытындысы бойынша бұл ластаушы «ҚазТрансгаз аймақтың» құбырындағы ластаушы заттардың шығындыларын тоқтатамыз. Айыппұл мөлшерін есептеп қосымша хабарланады.

Ал ауа мен топырақтың құрамынан алынған сараптама қорытындысы тек бір аптадан кейін шығады. Газ қалдығын төккен компанияға қандай шара қабылданатыны сол кезде белгілі болады. Тынысы тарылған тұрғындардың әлі де газ иісімен демалудан басқа амалы жоқ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.