{metadescription}
Алматы облысында жүк көлігі жеңіл көлікті жапырып өтті
Алматы облысында жүк көлігі жеңіл көлікті жапырып өтті

Алматы облысында жүк көлігі жеңіл көлікті жапырып өтті

Алматы облысында жүк көлігі жеңіл көлікті жапырып өтіп, бір адам мерт болды. Мәліметтерге қарағанда, «Тойота Камри» жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен.

Тас-талқаны шыққан жеңіл көлік кадрлары әлеуметтік желілерге тарап кетті. Оқиға Алматы - Көкпек - Көктал тас жолында болған. Мәліметтерге қарағанда, 23 жастағы «Тойота Камри» жүргізушісі жылдамдықты асырып, рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан қарама-қарсы бағытқа шығып кетеді. Сол мезетте жүк көлігі тап болып, оларды жапырып өтеді. Жеңіл көлік жүргізушісі аман қалғанымен, жанындағы жолаушысы қаза тапты.    

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Апаттан оқиға орнында алған дене жарақаттарынан 32 жастағы жолаушы көз жұмды. Ал көп жері жарақаттанған жеңіл көлік жүргізушісі Талғар қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған дерекпен ҚР ҚК 345- бабы, 3-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды.    

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.