Қазақстандықтар көлік салығына 31 миллиардтай қарыз
Қазақстандықтар көлік салығына 31 миллиардтай теңге қарыз. Миллионнан астам борышкердің кейбірі берешегін енді өсімпұлмен төлейтін болады. Ал төленбеген салықтың ең көп мөлшері Алматы қаласында тіркелген.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
04.05.2021
Оңтүстік астана тұрғындарының көлік салығына 6 миллиард теңгеден асады. Одан кейін Алматы облысы тізімде тұр. Бұл өңірдің автокөлік иелері 4,8 миллиард теңге көлемінде салық төлемепті.
Нұр-Сұлтан қаласы қарыз мөлшері бойынша алғашқы үштікті түйіндейді. Елордалық автокөлік жүргізушілерінің мемлекетке қарызы 3 миллиард теңгеге жуық.
Борышкерлер саны бойынша Алматы облысындағы 165 мыңнан астам адам салық міндеттемелерін орындамаған. Екінші орында – Алматы қаласы. Онда борышкерлер саны 107 мыңды құраса, Түркістан облысында 104 мың адам қарызын мемлекетке өсімпұлымен қайтарады.
Еске салайық, Салық кодексіне сәйкес, салық төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін мерзімі өткен әр күн үшін өсімппұл есептеледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!