{metadescription}
Есіктегі жедел жәрдем қызметкерлеріне жалақы дұрыс төленбей, ақысы қысқарған
Есіктегі жедел жәрдем қызметкерлеріне жалақы дұрыс төленбей, ақысы қысқарған

Есіктегі жедел жәрдем қызметкерлеріне жалақы дұрыс төленбей, ақысы қысқарған

«Жалақыға жарымадық». Алматы облысында бір топ фельдшер мен жүргізуші  басшысына наразы. Есік қаласындағы жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, соңғы кездері жалақы дұрыс төленбей, адал еңбектің ақысы қысқарған. Бұған дейін коронавирусқа қатысты төленетін үстемақыдан қағылған қызметкерлер «енді жалақыға зар болатын түріміз бар» дейді.

Ал облыс орталығындағы басшылық түрлі сылтау айтып, өзіне шаң жуытпайтын көрінеді.

Есік қаласындағы жедел жәрдем қызметкерлері жалақысы жырымдалғалы бірнеше айдан асқанын айтады. Пандемияда басын қатерге тіксе де, айлығы ала-құла шағымданушылар соның кесірінен соңғы кездері күнкөріс қиындап кетті деп ашынады. Маңдай термен тапқан табысынан қағылған 200-ге жуық қызметкер еңбектерінің елеусіз қалғанына наразы.

Әсел Құрманақын, фельдшер:

- Сәуір айында 9 ауысым жұмыс істедім. Тоғызына 76 мың 855 теңге айлық төлем алдым. 9 ауысым, сосын наурызда қалған 1 ауысымды төлеп беремін деген. Сонда менде 10 болып тұр. І санат  алдым. 8-20 мыңға дейін төленеді бір ауысымда. Демек 180 мың теңге алуым керек.

Жәнібек Ақбас, жедел жәрдем жүргізушісі:

- Осыдан бір ай бұрын жиналыс болып, сол кезде айтқан еді, жүргізушілердің айлығы жалақы көлемінде 105 мың және әрі қарай қосылады деген. Ал осы айда 105 мың да ала алмай қалдық. Бұрыннан бері 10 ауысым істегендер бар, солардың бәрі 90, 80 мың алып қалды. Бұрынғы105-ке де жетпей қалды ғой.

Адал еңбегінің ақысын даулағандар басшылық қырық сылтаумен шаң жуытпайтынын айтады. Ең сорақысы, коронавирусқа қатысты төленетін үстемақы да Еңбекшіқазақ ауданындағы жедел жәрдем қызметін айналып өткен секілді. Себебі, жалақының өзіне толық қол жеткізбегендер үстемақы түсімізге кірген емес дейді.

Гүлмария Сауытова, фельдшер:

- Пандемия басталғалы мәселесіміз көбейді. Жұмысымыз ауыр екенін өздеріңіз де білесіз. Бірінші, екінші және үшінше кезеңде де соқыр тиын үстемақы көрмедік. Оған қоса сыйақыдан қағылдық. Жығылғанға жұдырық дегендей, жалақымызды кешігіп түсетін болды. 

Ал қол астындағылар шу көтергенде Талдықорғаннан алып-ұшып жеткен орталық жетекшісі жауырды жаба тоқуға тырысқанымен әрекетінен түк шықпады. «Мүмкін емес» деп бой бермеген басшыға қызметкерлер бар дәйекті жайып салды.

- Маған тек 76 мың 835  теңге түсті.

- Ол мүмкін емес.

- Дәлел бар, міне, қараңыз.  

Қызметкерлердің дәлелімен танысқан жетекші ақырында «жекелеген жағдайда келеңсіздік болуы мүмкін» деп құтылды. Басшының айтуынша, кадр бөліміне фельдшердің еңбек өтілі мен санатына қатысты дұрыс ақпарат жетпеген. «Ауылдық жерге төленетін үстемақы да ескерілмей қалуы мүмкін» деген ол, жырымдалған жалақының өзге де себебін түсіндіруге тырысты.

Савелий Пак, «Облыс жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК директоры:

Соңғы екі айды салыстырсақ, наурыз шартты түрде қымбат ай саналады. Мерекелік күндер көп. 192 сағат жұмыс істеген фельдшерлердің шындығында жұмысы артып, соған сәйкес жалықыны көп алады. Ал сәуірде жұмыс уақыты 174 сағатқа дейін қысқарды. Бірақ, бірде бір қызметкер 170-180 мың теңгеден кем алған емес. Бізде барлығы ашық, оны бухгалтерлік есептен көруге болады.

Облыс орталығынан келген өкілдер жалақыға қатысты олқылық анықталса, бүгін төлем жасалады деп сендірді. Ал ашулы топ жедел жәрдем қызметінде жалақы жыры тағы қайталанса, денсаулық сақтау министрлігі мен өзге де құзырлы органдарға шағымданады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.