{metadescription}
Таразда Тұлпар картасының қымбаттағаны жұрттың ашуын туғызды
Таразда Тұлпар картасының қымбаттағаны жұрттың ашуын туғызды

Таразда Тұлпар картасының қымбаттағаны жұрттың ашуын туғызды

Таразда жолақыны Тұлпар картасымен төлеу тиімсіз болып барады. Өйткені онымен есеп айырысу ересектерге 20, ал оқшуыларға 10 теңгеге қымбаттады. Бірақ жол жүру ақысын қолма қол төлеу бұрынғыша 130 теңге көлемінде қала бермек.  

 

Ғазиза Балабекова, Тараз қаласының тұрғыны:

Қымбаттағаны халыққа қиын. 65 теңгеден, 85 теңгеге көтерілген, ол – әжептеуір. Әр жерге барасың. Қазір жұмыс жоқ. Карантин. Қымбаттатқанына мен қарсымын.

Жолақысының  шарықтап кетуі жұрттың ашуын туғызды. Оның бағасы өсетіні туралы бір апта бұрын айтыла бастаған. Бірақ тұрғындардың көбі енді естідік дейді. Бүгін қоғамдық көлікке мінгенде бәрі аң-таң болған. Өйткені электрондық жолақы құны ересектерге 65 тен- 85 теңгеге, оқушыларға 30 –дан 40 теңгеге көтерілген. Шенділер сонда да бұл ел бойынша ең арзан баға деп мәлімдеді. Атқамінерлер бұл қадамға амалсыз бардық дейді. Бағаны өсірмесе, тасымалдаушы компаниялар банкорт болуы мүмкін екен. Өйткені жанармай құны өскен, оның үстіне автобустарды да жаңалауы керек.

Таразда соңғы үш жылда жол жүру бағасы өзгермеген екен.  

Асхат Есеналиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары:

- Бүгінде сол ГСМ-нің 30-40 пайызға қымбатауы, қосалқы бөлшектердің 50 пайызға өсуі. Тек дизельдің өзі 2017 жылы 89 теңге болса, бүгінде 185-200 теңге.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.