{metadescription}
Ел үміті: 122 жеңімпазға Елбасы медалі табысталды
Ел үміті: 122 жеңімпазға Елбасы медалі табысталды

Ел үміті: 122 жеңімпазға Елбасы медалі табысталды

Елордада Елбасы медалінің биылғы иегерлері марапатталды. «Ел үміті» бастамасын іске асыру аясында 122 жеңімпазға қола медаль табысталды. Бұл шара қиындықтарды еңсеретін әрі өзгеге қамқор көшбасшы жастарды қалыптастыруды көздейді.

«Елбасы медалі» жаңа жобасы 14- 29 жас аралығындағы балалар мен жастарға арналған. Оны Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры былтыр шілде айынан бері ұйымдастырып келеді. Медаль ерекшелігі – қола, күміс және алтын деңгейі. Бағдарламасы спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, еріктілік, экспедициялар мен саяхаттар, еңбек тәжірибесі сынды 7 негізгі бағытты қамтиды.

Былтыр еліміздің барлық өңірінен 11 мыңнан астам қатысушы қамтылып, 3 535 адам қола деңгейін сәтті аяқтаған. Оның ішінде елордадағы алғашқы иегерлері – 14 оқушы былтыр желтоқсанда Тәуелсіздік күні қарсаңында қола медаль таққан. Биыл Наурыз мейрамы қарсаңында тағы 28-і қола медальмен марапатталды.

Жанат Айтбаева, «Елбасы академиясы» КҚ Көшбасшыларды дамыту және цифрлық білім беру орталығының басшысы:

Жобаға балалар белсенді қатысып жатыр. Ерекшелігі – өздігімен бәсекеге түседі. Мақсаты – тәлімгермен қоса 6 мен 18 ай аралығында нәтижеге жету.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде