{metadescription}
Биылғы электронды форматтағы ҰБТ ерекшеліктері
Биылғы электронды форматтағы ҰБТ ерекшеліктері

Биылғы электронды форматтағы ҰБТ ерекшеліктері

Карантинге байланысты биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет электронды форматта өтеді. Түлектерге арналған сынақ ертең басталады. Бұл жолы ұл-қыздар тестті бетпердемен, арақашықтықты сақтай отырып тапсырады.

Ақмарал Айтуарова, Алматы қаласы білім басқармасының бөлім басшысы:

- Биылғы ерекшелік: оқушыларға, түлектерге екі мүмкіндік беріледі. Мамыр және маусым айында. Бірінші мүмкіндік 6-мамырдан басталып 30-мамырға дейін. Екінші – 1-30 маусым аралығында.

Түлектер ең жақсы көрсеткішін таңдап грант конкурсына қатысады. ҰБТ өтетін орынды ұл-қыздар өзі таңдайды. Алайда «қызыл» аймақтағы Алматыда сынақ тек бір нысанда ұйымдастырылған – Қазақ ұлттық университетінің ғимараты.

Бірінші ҰБТ-да тәртіп бұзған түлек екінші сынаққа қатысу құқығынан айырылады. Ал екінші тестілеу кезінде ереже бұзса, гранттан күдер үзсе болады. Пандемия жағдайындағы ҰБТ-да санитарлық талап қатаң сақталады. Түлектердің дене қызуы өлшенген соң ғана аудиторияға кіргізіледі. Нысандарда жедел жәрдем кезекшілік етеді. Уақытша мобильді екпе егу пункті ашылады. Онда коронавирустан қорғанғысы келгендер вакцина ала алады. ҰБТ өтетін нысанға ата-аналар мен мұғалімдер кіргізілмейді.

Дина Суханберлиева, Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Тест өткізілетін ғимараттар міндетті түрде санитайзер, тепловизор және басқа да дезинфекциялық құралдармен қамтылады. Кемі бір метр әлеуметтік арақашықтық сақталады. Тестке қатысушының екі бетпердесі болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде