{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның әскери қызметшілеріне ризамын
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның әскери қызметшілеріне ризамын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстанның әскери қызметшілеріне ризамын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 7-мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтады. Еліміздің бүгінде заманауи қару-жарақпен және жаңа техникамен жабдықталған қуатты әскері бар.

Мемлекет туған жері үшін аянбай еңбек етіп, әскери қызметке бүкіл ғұмырын арнаған отансүйгіш перзенттерін жан-жақты қолдауға айрықша мән береді деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күні қарулы күштеріміздің ардагерлеріне және еліміздің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғап тұрған антына адал әскери қызметшілерге құрмет көрсетеміз. Армия мемлекеттігіміздің мызғымас тірегі, Тәуелсіздігіміздің кепілі. Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне халқымыздың қауіпсіздігі мен бейбіт өмірі жолындағы мінсіз қызметіне ризалығымды білдіремін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде