{metadescription}
Көкшетауда көпқабатты үйдің тұрғындары жаңа жолдың ашылуына қарсы
Көкшетауда көпқабатты үйдің тұрғындары жаңа жолдың ашылуына қарсы

Көкшетауда көпқабатты үйдің тұрғындары жаңа жолдың ашылуына қарсы

Көкшетауда төрт бірдей көпқабатты үйдің тұрғындары өре түрегелді. Олардың терезесінің түбінен жол ашылып, көлік нөпірі көбейіп, айнала бұрқыраған шаңға бөккен. Қылшақты өзенінен қарыс қадам жерде тұрған үйлер талай рет су тасқынында қалған.

Онсыз да іргетасы семіп ылғал тартқан баспанамыз енді ауыр техниканың жүрісіне шыдамайды дейді. Сондықтан көлік қатынасын тоқтату үшін тұрғындар жолды таспен бөгеп тастады. Жол уақытша ашылып отыр. Өйткені қалада көпір құрылысы басталып, кептелісті азайту үшін осындай бірнеше көше ашылған екен.

Вокзал маңындағы көпқабатты бұл үйлер осыдан 60 жыл бұрын Қылшақты өзенін бойлай тұрғызылған. Содан бері өзен суы да талай тасып зардабын тартып келеді. Ұзыннан-ұзақ топырақ үйіндісі сол тасқыннан қорғанудың амалы. Осыны көре тұра, уақытша болсын жолсыздан жол салмақшы болғанына жұрт қайран қалды.     

Жолды кеңейтуге арнайы техникамен үй сыртындағы гараждарды алып тасмақшы болған. Осыны көрген тұрғындар өре түрегелді. Өйткені соңғы аптада терезенің дәл түбінен көліктер зулап, жұрт ұйқыдан айрылдық дейді. Балаларға да жүріп тұру қиындап қара шаңның астында қалыпты. Әкімдікке де хабарласқанымен, мән-жайды түсіндірген жан болмапты.

Светлана Еликова, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Бұл жер көше де емес, біздің үйлердің аумағы. Тым болмаса ескертсе ғой. Ауыр техника өткенде үйлеріміз дірілдейді. Құлап қала ма деп қорқамыз. Жеті ай дей ме, көпір салу жеті айда аяқталады дегенге сенесіздер ме? Ғабдуллин көшесі үш жыл жабық жатыр. Соны неге істемеске?

Тұрғындар келесі көше арқылы көлденең өтетін ыңғайлы жол ашуға болады дейді. Сондықтан тас жинап, үй іргесіндегі  жолды жауып тастады. Тіпті кезекпен жол күзетіп, көлік өткізбейміз дейді. Көпір салып жатқан мердігер компания басшысы тұрғындарға дайын сызбаны да әкеліп көрсеткендей болды. Бірақ, оны жұрт тыңдағысы жоқ.

Юрий Шидловский, Көкшетау қаласы ТКШ басшысы:

- Иә, бұдан басқа жол табайық, бірақ қалада өте ыңғайсыз жағдай туады. Кептелісті жеңілдету үшін уақытша қиындық қой бұл. Тұрғындардан кешірім сұраймыз. Негізгі көпірдің құрылысы аяқталса, онда барлық тұрғынға жүріп- тұру жеңілдейді. Түсінікпен қараңыздар.

Шенеунік бұл уақытша қиындық екенін қанша түсіндіргенімен, оны ешкім тыңдаған жоқ. Тұрғындар ешқандай талапқа сай келмейтін уақытша жол салғандарға прокуратураға шағым түсірмекші.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде