{metadescription}
Риддерде өрттен зардап шеккен жұртқа ел болып көмек көрсетуде
Риддерде өрттен зардап шеккен жұртқа ел болып көмек көрсетуде

Риддерде өрттен зардап шеккен жұртқа ел болып көмек көрсетуде

Риддерде өрттен зардап шеккен жұртқа ел болып көмек көрсетуде. Гуманитарлық көмекті алғаш болып аттандырғандардың бірі – Кереку өңірі. Павлодар облысының тұрғындары азық-түлік пен қатар киім-кешекті де молынан жіберген. Қазір бар дүние-мүлкі күлге айналып далада қалған тұрғындарға қолдау қажет.

Өрт лап қойғанда бар дүние- мүлкін тастап қашқандардың бірі – Анна Исинева. Қас-қағым сәтте қарқыны қатты қызыл жалын оның баспанасын жермен-жексен еткен. Далада қалған отағасы екеуі қазір қонақ үйді паналауда. Бір сәтте бәрінен айырылған отбасы тек бір қабат киіммен қалған.

Анна Исинева, Риддер қаласының тұрғыны:

- Жұмыстан келіп тынығып жатқам.  Балаларым мен жолдасым әлі үйге келмеген. Оянып далаға қарасам, айнала түгел жанып жатыр. Тек құжаттарды ғана алып үлгердім.  Нан-пұлға деген ақшамыз да жанып кетті. Жұрт болып бізге қолдау білдіріп жатыр. Бәріне рақмет!

Тілсіз жаудан 83 адамның далада қалғаны анықталды. Дегенмен оларға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Жергілікті тұрғындармен қатар еліміздің әр өңірі көмек қолын созуда. Алғаш болып азық-түлік пен киім-кешек толы гуманитарлық көмек Керекуден жеткізілді. Өзге қалалардан да қайырымдылық керуені жолға шыққан.

Сұңқар Асқаров, Риддер қаласының агротехникалық колледжінің директоры:

- Қала тұрғындары және облыс аумағынан көптеген жерлерден көмек қолын созып жатыр. Бүгінгі таңда  азық-түлік, киім-кешектің мол қоры  жиналды. Қазір белсенділердің көмегімен реттеліп берілуге дайын.

Әзірге азық-түлік 30-ға жуық отбасына таратылды. Ал киім-кешекті әркім өзіне керектісін таңдап алуда. Еріктілер тілсіз жаудан зардап шеккендерге қолдау білдіруге ниеттенген қайырымды жандардың қатары қалың екенін жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде