{metadescription}
Әселдің әкесі: Үйленгісі келсе, зорлап, терезеден лақтыра ма?
Әселдің әкесі: Үйленгісі келсе, зорлап, терезеден лақтыра ма?

Әселдің әкесі: Үйленгісі келсе, зорлап, терезеден лақтыра ма?

Грузияда жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық қыздың ата-анасы бас прокуратураға арыз жазды. Айтбаевтар отбасы баласы мерт болғаннан бері  туысқаны Мұрат Мейірбековті Грузияға депортациялай алмай жүр.

Өйткені қыздарын шетелге жұмысқа алып кетіп зорлады деп күдіктенеді. Әзірге қылмыстық іс бойынша бір ғана күдікті бар. Ол – Грузия азаматы Бесик Тордуа. Бүгін алғаш рет бізге сұхбат берген Әсел Айтбаеваның әкесі қызы туралы жазылып-айтылып жатқан ақпараттарды жоққа шығарды. Әсел Айтбаеваның көз жұмғанына он күндей уақыт болса да, қазақстандық құқық қорғау органдары жантүршігерлік оқиғаға қатысты жұмған аузын  ашпай отыр. Ақмола облысының полицейлері бізді ішкі істер министрлігіне, министрлік бас прокуратураға бағыттаудан әрі аса алмай қойды. Сыртқы істер министрлігі де о баста «бәрі бақылауда» деп, бұл істен ат-тонын ала қашқан. Бүгін бойжеткенді дүниеге әкелген әке-шешесі бас прокуратураға бас сұқты. Олар күйеу баласы Мұрат Мейірбековті Грузияға экстрадициялауды сұрайды.

Әселдің ата-анасы шенеуніктердің үнсіздігінен шаршаған сыңайлы. Олар бас прокурордың қабылдауына жазылу үшін арызын қалдырып кетті. Айтбаевтардың Грузиядағы қорғаушысы да қылмыстық істегі басты кейіпкер Мұратты Грузияға алдырту үшін прокуратураға арызданбақ.

Нино Андриашвили, Айсұлу Айтбаеваның адвокаты:

- Мен жәбірленуші тарап секілді Әселдің өзін-өзі өлтіргеніне сенбеймін. Оны – өлтірген. Қылмыстық іс «өзін-өзі өлтіру» емес, «өлтіру» бабы бойынша жүргізілуі тиіс. Егер тергеу Мұраттан жауап алмаса, мен өзім оның тергелуін талап етемін. Себебі, ол – істегі басты кейіпкер. Қызды Грузияға әкелді, марқұмның қалдырған айғағында оны зорлағаны айтылған. 

Грузиядағы телеарналар Мұрат Мейірбековтің суретін жарыса көрсетіп жатыр. Жасы 37-де. Бірінші некесінен қызы, екіншісінен ұлы бар. Қазір әйелінің аяғы ауыр. Ал Мұраттың енесі күйеу баласына шаң жуытпай отыр. Айтуынша, оның еш кінәсі жоқ.

Мұрат Мейірбековтің енесі:

- Ол аудандық ішкі істер бөліміне барып, өзінің жауабын берді. Кінәлі деп айта алмаймын. Қазір тергеу жүріп жатыр. Бәрі оны жеңгетайлықпен айналысқандай жауыз қылып, айтып, жазып жатыр. Ол отбасылы азамат. Шынымды айтсам, қызға қайғырдым. Обал болды.

Мұрат Мейірбеков туралы деректерді қазбалап көрдік, атында елордада пәтері бар. Үйіне барып көргенімізде, Мұрат болмай шықты. Пәтер басқа біреулерге жалға берілген.

- Айтыңызшы, Мұрат Мейірбеков осында тұра ма?

- Мұрат пәтер қожайыны, мен білемін. Бірақ мұнда жоқ.

- Сіздер жалға алдыңыздар ма?

- Иә.  

26 жастағы қазақстандық қыз 5-мамырда Тблилисидегі көпқабатты үйдің 9 қабатынан құлап көз жұмған. Марқұм сол кезде жалғыз жеңіл жейдеде болыпты. Дәл қазіргі күні Әселдің жұмбақ өліміне қатысы бар 57 жастағы Бесик Тордуа қамауда. Күдікті қызбен ара қатынасы тым жақын болғанын, тіпті үйленгісі келгенін және оны өлтірмегенін айтып ақталыпты. Оның сөзіне марқұмның ата-анасы сенбейді.

Алтай Айтбаев, Әсел Айтбаеваның әкесі:

- Күдіктінің адвокаты олардың үйленгісі келгенін айтады. Олөтірік. Менің қызымның тұрмысқа шығу туралы ойы болған жоқ. «Жасың жетті, тұрмысқа шық» деген кезде де Әсел қарсылығын білдірген. Арманы ақша тауып, өз пәтерін алу еді. Егер үйленгісі келсе, ол зорлық көрсетіп, терезеден лақтырып жібере ме? Махаббат емес қой ол дегенің.

Шым-шытырық оқиғаның мән-жайымен грузиндік полицейлер айналысып жатыр. Тергеуге маңызды айғақ ретінде Әселдің Бесикпен бір сағаттық сөйлескен аудиожазбасы пайдаланылуда. Ал соттың бірінші отырысы 23- маусымға жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде