{metadescription}
 Әселді Грузияға шақырған Мейірбеков қамауға алынды
 Әселді Грузияға шақырған Мейірбеков қамауға алынды

 Әселді Грузияға шақырған Мейірбеков қамауға алынды

Қазақстандық полицейлер Грузияда қайтыс болған Әсел Айтбаеваның өлімін енді зерттеуге кірісті. Марқұмның ата-анасының Бас прокуратураға жазған арызынан соң тәртіп сақшылары бойжеткенді шетелге жұмысқа шақырған туысы Мұрат Мейірбековті «Адам саудасы» бабымен қамауға алды. Енді Грузияға қыздың өлімін жан-жақты зерттеуге тергеу тобы жіберілмек.

Нұрділдә Ораз, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

- Халықаралық келісімдерге сәйкес, таяу арада ішкі істер министрлігі Грузияға жедел тергеу тобын жібереді. Міндеті – қайғылы жайттың барлық мән-жайын зерделеу және грузин тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу.

Әсел Айтбаеваның анасы Айсұлу бүгін Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне шақырылды. Адвокатымен бірге ол шетелге кеткен қызы туралы жан-жақты мәлімет беріпті. Дегенмен Айсұлу Айтбаеваны Мұрат Мейірбековке тағылған айып қанағаттандырмайды. Марқұмның анасы оны Грузияға депортациялау керек деп санайды. Бірақ біздегі заңға сәйкес, күдікті шетелде де, өз отанында да қылмысқа барса, ол жазасын туған жерінде өтеуі тиіс. Бір жағынан Қазақстан өз азаматын шетелдік полицейлерге оңай бере салмайды екен.

26 жастағы Әсел Айтбаева 5-мамырда мерт болған. Грузия прокуратурасы қыз өзіне қол салған болуы мүмкін деген болжам айтты. Алайда Әсел Айтбаеваның жақындары бұған сенбейді. Бүгін марқұмның құрбысы Ольга да Әселдің Грузиядағы жұмысқа қалай шақырылғанын айтып берді. Ольга, Әсел Айтбаеваның құрбысы:

- Таңғы алтыда маған телефон шалып тұрғызып алды. «Қуанышты жаңалығым бар, Грузияға барамын» деді. Шетелге кетерде ватсап арқылы жұмыс беруші Мұратпен бейнебайланысқа шыққан еді. Сонда Мұрат: «сіз біз іздеген адамсыз, бұған дейін хабарласқан қыздарға көңіліміз толмаған, мен сізге ғашық болып қалдым» депті. Әсел оны басқаша түсінгендей. Ол Грузияға туысы болған соң, сеніммен кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде