{metadescription}
Баспана құны негізсіз көтерілген. Қашан арзандайды – Ипотека
Баспана құны негізсіз көтерілген. Қашан арзандайды – Ипотека

Баспана құны негізсіз көтерілген. Қашан арзандайды – Ипотека

Жеңілдетілген ипотекалар тоқтатылғанымен, екінші деңгейлі банктер бұл нарықтан кетпейді. Қазір қаржы ұйымдары өздерінің ипотекалық бағдарламасын әзірлеп жатыр. Десе де оның пайыз мөлшерлемесі «7-20-25» пен «Баспана хиттан»  төмен болмайтыны анық.

«Баспана хит» бағдарламасы жыл соңына қарай тоқтатылады. Ал «7-20-25» ипотекалық несиесі 1 триллион теңге лимит таусылғанша өтініш қарастыра береді.

Баспаналы болуды аңсап жүргендер арасында «Баспана хит» бағдарламасына сұраныс жоғары. Бұған дейін осы ипотекалық несие арқылы 54 мыңнан аса адам қоныс тойын тойлаған. Оларға берілген жалпы қарыз сомасы 493 миллиард теңге. Ал бағдарлама бойынша негізгі лимит 600 миллиард теңге. Осы сома игерілген кезде, яғни, жылдың соңына қарай бағдарлама түбегейлі тоқтатылады. Ал «7-20-25» ипотекалық несиесі әзір жабылмайды. 

Рүстем Қыдықов, «Қазақстанның орнықтылық қоры» басқарма төрағасының орынбасары:

- «7-20-25» бағдарламасы бойынша бес жыл ішінде 1 триллион теңге қарыз беру көзделген. Ал осыған дейін берілген несие сомасы 325 миллиард теңге. Яғни үш жыл ішінде шекті соманың үштен бірі ғана игерілген. Сондықтан бағдарлама қарыз сомасы бекітілген лимитке  жеткенше жұмыс істейді. Уақыт жағынан шектеу жоқ.

Содан кейін ғана Ұлттық банк жеңілдетілген ипотеканы қаржыландыруды тоқтатады. Мамандар осы бағдарламалардың арқасында екінші деңгейлі банктердің ипотека нарығына көптеп келгенін айтады. Қазір «7-20-25» пен «Баспана хитке» 9 банк қатысып отыр. Ал бұл бағдарламалар аяқталғаннан кейін қаржы ұйымдары өз ипотекалық несиесін ұсынады.

Магомед Гулаев, Екінші деңгейлі банктің «бөлшек несиелер және қаржылық емес қызметтер» басқармасының директоры:

- Біз ипотекалық несие нарығында қаламыз. Өз бағдарламамызды қазірден дайындап жатырмыз. Әрине, қазіргідей төмен пайыздық мөлшерлемелерді сақтап қала алмаймыз. Бірақ тұтынушыларға сапалы қызмет ұсынамыз.

Банктердің пайыздық мөлшерлемесі қандай болатыны әзірге белгісіз. Ал сарапшылар жеңілдетілген ипотекалық несиелердің тоқтатылуы баспана бағасының арзандауына алып келеді дейді. Әсіресе бұл ескі үйлерге қатысты.

Айнұр Құдайбергенова, жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:

Бұған дейін баспана бағасы негізсіз көтерілген. Ипотекалық бағдарламалардың тоқтатылуы бағаның түсуіне алып келеді. Ескі үйлердің құны шамамен 20-30 пайызға дейін арзандайды. Оны осы күзде байқауға болады.

Сондықтан тұтынушыларға күзге дейін үй алмауға кеңес беріп отыр. Десе де жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға үлгеріп қалғысы келгендердің асыққаны да абзал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде