{metadescription}
Ақтауда сылағы опырылған үйді тұрғындар өзі жөндеуі мүмкін
Ақтауда сылағы опырылған үйді тұрғындар өзі жөндеуі мүмкін

Ақтауда сылағы опырылған үйді тұрғындар өзі жөндеуі мүмкін

Ақтауда сыртқы сылағы опырылып түскен көпқабатты үйді тұрғындар өз қаражатына жасатуы мүмкін. Себебі, заң бойынша бүлінген жерлерін жамап-жасқау меншік иелерінің мойнында дейді шенеуніктер.

Нұрадин Көшербаев, Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

- Үйдің кондоминимум нысаны  бойынша көппәтерлі тұрғын үй жеке тұрғындардің есебінде болғандықтан, бұл мәселе қосымша қарастырыла беріледі. Себебі, әлі нақтыланған жоқ. Бұл төтенше жағдай әсерінен бола ма, асқа жағынан бола ма, сыртын қалпын келтіру жұмысы шешілген жоқ. Заң бойынша тұрғындардың жеке үйі болғаннан кейін, тұрғындар өзі жасау керек.

Тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы қабатты қатты желдің кесірінен құлап қалған. Соның салдарынан газ құбыры зақымдалып, тұрғындар газсыз қалды. Қазір үйге келген шығын есептеліп, газ құбырын қалпына келтіру жұмысы  жүріп жатыр. 2010 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген тұрғын үйде 108 пәтер бар. Сыртқы қабаты құлаған кезде пәтерлердің салқындатқыш құралдары да босап кеткен. Кондиционерлер қайта бекітілгенімен, сылынып түскен сылақты кімнің қалпына келтіретіні әлі шешілген жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде