{metadescription}
Тартылып қалған Ойылға қатысты комиссия шешімі шықты
Тартылып қалған Ойылға қатысты комиссия шешімі шықты

Тартылып қалған Ойылға қатысты комиссия шешімі шықты

Ақтөбе облысындағы тартылып қалған Ойыл өзенін қайта қалпына келтіру үшін бөгеттерді бұзу керек. Бір апта бойы тексеру жүргізген комиссия өзен арнасын қарап шыққан.

Бұған дейін әкімдіктегілер Ойылдың бойында небәрі 5-6 бөгет бар деп келген еді. Тексерген кезде иесіз жатқан 34 бөгетті анықтаған. Бірақ олар Кеңес одағы кезінде салынғаны белгілі болды. Ал шенеуніктер неліктен осы уақытқа дейін есептен шатысқанын түсіндіріп бере алмады.

Ақтөбе облысындағы ең үзын өзен төрт ауданды кесіп өтеді. Су комитеті басшылық ететін комиссия мүшелері иесіз бөгеттерді бұзудан бөлек, сол аудан басшыларына бұлақ көзін ашуды жүктейді. Сонда ғана Ойылдың табанынан су жүреді деп сендірді.  

Асхат Көбенов, Ақтөбе облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану, реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Бұлақ көзін ашуды ұсынамыз. Бұлақтарды тазарту, транзитті режимге көшіру ұсынылды. Судың ағысын босатып, транзит әрі қарай өтуіне жол ашу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде