{metadescription}
Макинкада өртенген үйден кейуананың денесі табылды – Ақмола облысы
Макинкада өртенген үйден кейуананың денесі табылды – Ақмола облысы

Макинкада өртенген үйден кейуананың денесі табылды – Ақмола облысы

Ақмола облысының Макинка ауылында таң ата тұтанған өрт ағаштан салынған жер үйді әп-сәтте күлге айналдырды. Ұйқыда жатқан зейнеткер баспанасында жанып кетті.  

Бір аптадан бергі аптап ыстық пен аңызақ желден от тұтанған  үйдің ағашы  да, айналасы да әбден кеуіп тұрған. Күш алған қызыл жалын құтқарушылар келгенше ағаш үйді түгел  шарпып, көзді ашып-жұмғанша шаңырағы ортасына түскен. Тіпті қабырғасы қақырап құлап, іштегі дүние-мүліктен түк қалмаған. Құтқарушылар өртті сөндірген соң ғана үй иесі, 1955 жылы туған әйелдің мәйітін алып шыққан. Зейнеткердің денесі әбден күйіп қалған.

Думан Дәлешов,Ақмола облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Өрт аумағы 100 шаршы метрден асады. Алдын ала болжам бойынша, электр сымының қысқа тұйықталуынан өрт шығуы мүмкін. Апат салдарын анықтауға өрт техникалық сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.