{metadescription}
ДСМ: Қантты сусындарға акциз енгізіп, бағасын көтереміз
ДСМ: Қантты сусындарға акциз енгізіп, бағасын көтереміз

ДСМ: Қантты сусындарға акциз енгізіп, бағасын көтереміз

Сусынға да салық салынады. Денсаулық сақтау министрлігі құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізу арқылы бағасын бес жылда 45 пайызға дейін көтеруді ұсынды. Өйткені тәтті шырындар жүрек ауыры, қант диабеті мен семіздікке қатысты көрсеткішке кері әсерін тигізіп жатыр дейді.  

Бастамаға алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының өкілдері түбегейлі қарсы. Олар сусын өндірушілер банкротқа ұшырап, нарықты шетелдік тауарлар жаулайды деген пікірде.

Елімізде қызылды-жасылды құрамында қанты бар газдалған, энергетикалық сусындар мен салқындатылған шай бағасы 200-500 теңге аралығында сатылады. Аталған өнімге әсіресе жастар әуес.

Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген зерттеуге сүйенсек, құрамында қанты бар тәтті сусынды қазақстандық жеткіншектердің бестен бірі, яғни 17 пайызы күн сайын, ал 60 пайызы аптасына бір мәрте ішіп шөлін басады.

Денсаулық сақтау министрлігі алкогольсіз сусындардан түсіп жатқан салықтан гөрі, содан ауру тауып, емделугежұмсалып жатқан қаражат мөлшері көп екенін жеткізді. Жыл сайын инфекциялық емес ауруларды емдеуге мемлекет 2,3 триллион теңге жұмсайды. Пайдасынан зияны басым екенін деректермен келтірген жауапты ведомство «Дені сау ұлт» жобасы аясында алкогольсіз сусындарға 7 пайыздық акциз енгізіп, алдағы төрт жылда салықтың көлемін 45 пайызға дейін көтеруді ұсынып отыр.

Жанар Қалмақова, ҚР ДСМ Қоғам денсаулығын сақтау орталығының басшысы:

- Жұқпалы емес аурулардың арасындағы өлім-жітім барлық өлім-жітімнің арасында бірінші орында тұр. Олардың арасына жүрек-қант тамыры, онкология аурулар, қант диабеті мен семіздік жатады. Қант диабетіне 2020 жылдың қорытындысы бойынша 400 мыңға жуық адам шалдыққан. Ел экономикасына ол өз салмағын салуда. Акцизді көтеру арқылы баға көтеріледі. Бұл тұтынушыларға деген қолжетімсіз болады.

Елімізде құрамында қанты бар сусын шығаратын 431 компания бар. Оның 95 пайызы шағын кәсіпорындар. Алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының өкілдері жаңа өзгеріс мақұлданса сусынның бағасы шарықтайтынын айтады. Бұл өз кезегінде экономикаға кері әсер етіп, сусын өндірушілерді тығырыққа тірейді. Нарықта шетелдің арзан тауарлары жаулауы мүмкін дейді сала мамандары.

Әлия Мамытбаева, ҚР алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының директоры:

- Министрліктің бұл ұсынысы әділетсіз. Елімізде қантты сусын тұтынушылары өзге мемлектпен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Сусын құрамында қанттың небәрі 2,3 пайызы бар. Оның денсаулыққа еш зияны жоқ екені дәлелденген. Салық көтерілсе, осы саладағы өндіріс құлдырап, жұмыссыздар саны көбейеді. 

«Аман-саулық» қоғамдық қорының басышысы тәтті сусындарға сұранысты азайту арқылы қанттың кесірінен келетін кеселдің көрсеткішін төмендету мүмкін емес деп отыр. Өйткені құрамында құмшекері бар кондитерлік өнімдерді адамдар күнделікті тұтынады. «Тығырықтан шығатын жалғыз жол – дұрыс тамақтану қағидасын насихаттау», - дейді Бақыт Түменова.

Бақыт Түменова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:

- Ондай сусынды өндіріс шығарып жатыр. Өйткені сұраныс көп.Сұранысты азайту үшін дәрігерлер жұмыс істеу керек. Түсіндіру керек. Айту керек. Насихат пен ағарту жұмысын бастау керек. Сусынды ішпегеннің өзінде ол басқа кәмпит, мармеладпен толтырады. Нанның да, еттің де зияны бар. Сондықтан тамақтану мәдениетін көтеруіміз керек.

Көпшілік талқысына түскен ұсынысты қаржы министрлігі қарастырып жатыр. Осыған дейін темекі мен алкоголь өнімдеріне қатысты салық кодексіне өзгерту енгізіліп, шылым мен арақ-шараптың бағасы аспандаған еді. Соған қарамастан елде аталған өнімге сұраныс азайған жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.