{metadescription}
Ақмола облысында екі бала суға кетіп көз жұмды
Ақмола облысында екі бала суға кетіп көз жұмды

Ақмола облысында екі бала суға кетіп көз жұмды

Ақмола облысында екі жеткіншек суға кетті. Жеті жастағы балалар үйінен 200 метр жердегі қар суынан жиналған көлшікке  шомылуға барған.

Қанат Доспаев, Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары:

Көлшіктің ені150, тереңдігі екі жарым метр. Шағын болса да, балаға  қауіпті.Осы разьезде сәуір айында ғана төтенше жағдай қызметінің мамандары балаларды қараусыз қалдырмау жайында кеңес берген.  Қазір полиция «бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

Балалардың бірі бұл ауылға әкесімен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан қонаққа келген. Сол үйдегі 6-7 жастағы екі бауырымен ауылдан қарыс қадам жердегі көлшікке шомылуға барған. Арада көп өтпей балақайлардың бірі  ересектерден көмек сұрап үйге жүгіріп келіпті. Әкесі жанұшыра жеткенімен, балаларды құтқара алмаған. Біреуінің денесін көлшіктен өзі алып шыққан. Ал екінші баланың мүрдесін  құтқарушылар  су астынан тапқан.

Дәл осындай қайғылы жағдай Жамбыл облысында да орын алды. Қаратау қаласында 6-сынып оқушысы Жартас көліне шомыламын деп батып кеткен. 12 жасар жеткіншекті жергілікті тұрғын көріп қалған. Тұншыққан баланы судан алып шығып алғашқы көмек көрсеткенімен, құтқара алмапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде