{metadescription}
Күн ысығалы Семейді маса басты
Күн ысығалы Семейді маса басты

Күн ысығалы Семейді маса басты

Семейді маса басып кетті. Күн ысығалы зиянкес жәндіктер тіпті көбейген. Масаға таланған тұрғындар түрлі фото-видеоларын әлуметтік желіге жариялап жатыр. Олар шаһарда қансорғыштармен күрес мүлде жүргізілмейді деп ашуланады. Ал мамандар жәндіктерді улап жатқанын айтып ақталды.

Семейде қол-аяғы ісініп қышынған қарашаның қатары қалың. Тіпті қансорғыштарға денеге жағатын арнайы иісмайдың да әсер етпейтінін айтады. Кешқұрым серуенге шыққандар масаға таланып жатыр. Әсіресе үйде отырмайтын ойын баласына қиын.

Мәдина Садықова, Семей қаласының тұрғыны:

- Баалаларымды маса талап бітірді. Шаққан жерін лезде-ақ күп қып ісіріп жібереді. Енді беті-аузы толған қотыр. Үйден шығармай қоя алмайсын. Бала болған соң далада ойнағысы келеді.

Жәндікке таланғандар әлуметтік желіге фото-видеосын жарыса салып жатыр. «Қанымызды тірідей ішті» дегендер қала басшылығына шағымдануда. Өйткені тиісті мамандар қансорғыштармен күресуді қойды дейді. Дегенмен мамандар маса улау жұмысы жүргізіліп жатқанын айтады. Қалалық әкімдік бұл шараға 2 миллион теңге бөлген.

Азамат Көмеков, Семей қаласы ТКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

Масадан құтылу үшін тұрғындардың да атсалысуы қажет. Әркім өз ауласына дизенфекция жүргізуін сұраймыз. Ал біз адам көп жиналатын аябақтарды, көшені дәрілеп жатырмыз.

Масаға қарсы дәрі айына бір рет қана себіледі екен. Алайда мамандар қансорғыштың көптігіне байланысты биыл жаздың үш айында үш мәрте уламақшы. Ауа температурасы қазір 37 градустан жоғары. Бұл масаның тез көбеюіне қолайлы жағдай тудырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде