{metadescription}
Әселдің туыстары: «Мейірбеков қызымызды Грузияға апарып сатып жіберді»  
Әселдің туыстары: «Мейірбеков қызымызды Грузияға апарып сатып жіберді»  

Әселдің туыстары: «Мейірбеков қызымызды Грузияға апарып сатып жіберді»  

Әсел Айтбаеваны шетелге жұмысқа шақырған туысы Мұрат Мейірбеков 16-мамырда темірторға тоғытылған. Марқұмның жақындары: «Әселді Грузияға алып кетіп, сатқан осы Мұрат» деп есептейді. Сол себепті қазақстандық тергеу соты күдіктіні «адам саудасы» бабымен қамауға алған.

26 жастағы Әсел Айтбаева Грузияда көлік сататын компанияда жұмыс істеген. 5-мамырда оның денесі Тбилисидегі көпқабатты үйдің ауласынан табылды. Бойжеткен өлер алында Бесик Тордуаның үйінде болған екен. Бүгінде 57 жастағы азамат қызды зорлады және өлімге итермеледі деген күдікпен қамауда отыр. Грузия прокуратурасы Мейірбековті де сырттай зорлау фактісімен айыптап жатыр. Дегенмен оның адвокаты ешбір шешіммен келіспейді. Қорғаушының пікірінше, тергеу ісінде, әсіресе «адам саудасы» бойынша еш дәлел жоқ.

Шыназбек Маханов, М.Мейірбековтің адвокаты:

- Маған дәлелдеп берсінші, тергеу органдары немесе прокуратура, «Тордуа Бесик ақша беріпті, пәленбай,Мейірбеков алыпты, ақшаны алғаннан кейін қашып кетіпті» деп, маған дәлелдесін. Әңгіме жоқ. Ары қарай шағым да, ештеңе де жазбаймыз. Тағы да айтамын, мынаның бәрі ертегі. Ол енді менің субъективті көзқарасым. Еш негізге сәйкес келмейді

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде