{metadescription}
Сары-Айғыр шатқалында жоғалған туристердің үшеуі табылды
Сары-Айғыр шатқалында жоғалған туристердің үшеуі табылды

Сары-Айғыр шатқалында жоғалған туристердің үшеуі табылды

Түркістан облысында тауда жоғалып кеткен жеті туристің үшеуі табылды. Апта бұрын Сайрам-Өгем ұлттық паркіндегі Сары-Айғыр шатқалына кеткен топ қайтар жолда екіге бөлініп жолдан адасып қалыпты. Жоғалғандардың бір тобын тауды тікұшақпен шолып жүрген төтеншеліктер бүгін тауып отыр.

 

- 21-мамырда шыңға шықтық. Екі күн шыққаннан кейін қайтып келе жатқан кезде жолда адасып кеттік. Кейін жеті адамның біреуі ауырып қалды. Сол үшін үшеуі бір орында қалды да, төртеуі ары қарай кетті. Біз үшеуіміз сол жерде үш күн түнедік. Бүгін шығып келе жатқан кезде бізді тауып алды.

Құтқарылғандардың жағдайы қазір жақсы. Олардан бөлініп кеткен төртеудің тағдыры әзірге белгісіз. Жоғалғандарды іздеуге шекарашылар, төтеншеліктер мен полицейлер жұмылдырылған. Квадракоптерлерден бөлек, «Қазавиақұтқарудың» қос тікұшағы да бар.

Бір апта бұрын серуенге шығып кеткен жеті жігіт үш күннен кейін қайту керек болған. Хабар-ошар болмаған соң дабыл қағылып, үш кұннен бері іздеу жүріп жатыр. Жеті азаматтың алтауы Назарбаев университетінің студенті, тағы біреу биыл мектеп бітірген түлек.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары:

- Құтқарылғандар Төлеби ауданында орналасқан шұғыл штабқа жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды. Қалған төрт жоғалған азамат іздестіріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде