2022 ҚР президентін сайлау
{metadescription}
COVID-19: Жағдайы қиын аймақтар   
COVID-19: Жағдайы қиын аймақтар   

COVID-19: Жағдайы қиын аймақтар   

Коронавирустың таралуы жағынан Қарағанды облысы соңғы үш күннен бері көш бастап тұр. Екі аптадан бері  күніне 300-ден аса адамнан COVID-19 анықталып жатыр. Өңірде өткен айдың осы мезгілімен салыстырғанда кеселдің таралуы 60 пайызға артқан.

Шымкент бүгіннен бастап «жасыл» аймаққа өтті.

Соңғы күндері жағдай жақсарған Ақтөбеде ауырғандар саны азайыпты.

Қарағанды облысында өткен бір айдың ішінде сырқат жұқтырғандар саны күрт өсіп келеді. Өңірде осыған дейін 31 мыңнан астам дам ауру жұқтырды. Кеше қауіпті кесел 324 адамнан анықталған. Мамандар коронавирус Қарағандының өзінде көптеп тарап жатқанын айтады. 

Айгүл Шәтекова Қарағанды облысы санитария-эпидемиология бақылау департаментінің ресми өкілі:

- Өткен аптада короновирус инсфекциясының облыстағы көрсеткішінің артуы Қарағанды, Теміртау, Саран, Балқаш қалалары мен Нұра және Абай аудандарынада байқалды. Эпиемиологиялық мониторингке сәйкес, мамыр айында сәуір айнының осы кезеңімен салыстырғанда сырқат 61 пайызға өскен.  

Шымкент қаласы «жасыл» аймаққа енді. Енді «Ашық» бағдарламасын қолданатын тамақтану орындары түнгі 12-ге дейін қызмет көрсете алады. Ал ойын сауық: бильярд, компьютерлік клубтар, боулингтертер енді сағат түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді. Дегенмен қала тұрғындары «жасыл» екен деп, жеке қауіпсіздікке немқұрай екенін мойындайды.  

Талғат Әбдінәбиев, Шымкент қаласының тұрғыны:

- «Жасыл» аймаққа кіргенімізді естіп, шамалы еркінсідік. Ал шындап келгенде «қызыл», «жасыл» аймақ болсын, еш айырмасын байқаған жоқпыз. Бетпердені дүкенге кіргенде ғана тағамын. Ал сыртта жүргенде денсаулықты ойлап, бетперде тағып жүргеніміз шамалы.

Ақтөбеде қауіпті індеттің беті қайтып келеді. Соңғы тәулікте аймақта 53 адам вирус жұқтырған. Олардың көбісі симптомсыз. Дәрігерлер ауруханаға түскендер саны азайғанын айтады. Қазір жансақтау бөлімінде 30-ға жуық науқас жатыр. Карантинге тек жеті адам алынған.

Бекболат Ізбасаров, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазір стационарда емделіп жатқан науқас азайды. Жансақтау бөлімінде 32. Соның ішінде  қалада 25 және аудандарда жетеу. Жеті науқас өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылған.

Елімізде соңғы күндері короновирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген. Бүгінгі көрсеткіш 1747 адам. Жалпы елде кешеге дейін 381 мың адамнан қауіпті кесел анықталған. Оның 348 мыңы жазылып шықты. Ал осы ауру алқымдап бақилық болғандар – 3903. Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр Сұлтан, Алматы қалаларында жағдай әлі қиын. «Сары» аймақта Атырау, Павлодар, Қостанай және Солтүстік пен Батыс Қазақстан облыстары. Қалған өңірлер «жасылға» еніп, көңілі жайланды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде