{metadescription}
Ақтауда сот судьясына пара тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр 
Ақтауда сот судьясына пара тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр 

Ақтауда сот судьясына пара тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр 

Судьяны сатып алмақшы болған. Ақтауда Маңғыстау облыстық сотының судьясына қомақты қаржы тастап кеткен белгісіз әйел іздестіріліп жатыр.

Өзін таныстырмаған әйел сот ғимаратына келіп, судья Ғабит Бастаубаевпен кездескісі келетінін айтқан. Алайда мамандар оған ішке кіруге рұқсат жоқ депті. Осыдан кейін ол ішінде сыйлығы бар пакетті судьяға табыстауды өтініп кетіп қалған. Күмән туғызған дорбаны ашуға жүрексінген мамандар жедел тергеу тобын шақырытқан. Тінткен кезде пакеттің ішінен 300 мың теңге ақша мен қымбат иіс су табылды.

Гаухар Нұрханова, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Жедел тергеу тобы аталған пакетті ашып, оның ішінде 300 мың теңгемен бірге ақ қорап анықтады. Қорапты алдын ала жарылғыш зат бар-жоғын анықтау мақсатында іс-әрекет жүргізіліп, жарылғыш заттың жоғы анықталған кезде одан иіссу алынды. Қазір тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

19 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде