{metadescription}
Айықпас дерті бар 40-қа жуық баланың асыл арманы орындалды
Айықпас дерті бар 40-қа жуық баланың асыл арманы орындалды

Айықпас дерті бар 40-қа жуық баланың асыл арманы орындалды

Армандар орындалады! Елімізде «Менің арманым» қайырымдылық қоры айықпас дертке шалдыққан 40-қа жуық балаға қуаныш сыйлады. Жарты жылдан аса жұмыс істеген ұйым еліміздің түкпір-түкпіріндегі кішкентай науқастардың көңілін көтеріп қана қоймай, өмірге деген құштарлығын оятуға септігін тигізіп келеді. 

«Менің арманым» қоры 3-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің бала арманына қанат бітіріп жатыр. Ауыр дертке душар болған Дана Рауанқызы ес білгелі балерина болғысы келіп, үлкен сахнаға шығуды армандаған. Ұйым өкілдері қызды анасымен бірге тез арада Тараз қаласынан арнайы алдыртып, кәсіби хареографпен жаттықтырып, «Аққулар көлі» қойылымының арнайы қонағы болды.

Мақпал Дүйсенбаева, Дананың анасы:

- Шынын айтсам, әрине, сенбегем. Қызымның шынымен де тез арада арманы орындалады деп. Осындай корпоратив қорының көп болғанын қалаймыз. Өйткені балаларымыздың әр күн қуанышы, әр күн атқан таңы бізге қымбат. Бізге және балапандармызға сондай қуаныш сыйлағандарына көп рақмет айтамыз. Оң әсерін тигізе алды. Алға мақсат қойды. Сол мақсатына жеткісі келеді. Балерина болғысы келеді. 

Қор жұмысын 2020 жылы бастаған. Дүниежүзілік қайырымдылық ұйымдарының тәжірибесіне сүйене отырып ашылған. Қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық еріктілері бар. Қордағылардың айтуынша, паллиативтік көмектің пайдасы көп. Жеткіншектерге позитив эмоция сыйлаған дертіне дауа дейді.

Шәміл Ванкеев, «Менің арманым» қорының атқарушы директоры:

- Ең бірінші кейіпкеріміз Дидар деген арманшыл жігітіміз бар. Өкінішке орай шыға алмайды. Өйткені түнімен мұрнынан қан кетті, басы ауырды дейді. Жақсы, көрейік деп баланы алып кеттік. Щымбұлаққа алып кеттік. Басына қысым бола ма деп ойладым. Басы айналып, мұрны қанай ма деп. Жоқ, ондай ештене болған жоқ. Баланың еш жері ауырған жоқ. Одан кейін де бала бір ай бойы ауырмады. Оған жақсы эмоция берсең, өзіне деген сенімі артып, аурумен күресуге құлшынысы ашылады деп ойлаймын.

Қайырым жобасының негізгі мақсаты – балалардың материалдық емес, асыл армандарын орындау.Кішкентайларға рух беріп, өмірге деген құштарлығын арттыру. Ұйымға бүгінгі күнге дейін ата-аналардан 150-ге жуық өтініш түсіпті. Аталған қор демеуші мен көпшілік жинаған қаражат есебінен жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде