{metadescription}
Алматыда ашылатын Өзбекстан сауда үйінде не сатылады?  
Алматыда ашылатын Өзбекстан сауда үйінде не сатылады?  

Алматыда ашылатын Өзбекстан сауда үйінде не сатылады?  

Алматыда Өзбекстанның сауда үйі ашылады. Алып кешенде ала шапанды ағайындардың экспортқа шығаратын танымал өнімдері сатылады. Олардың қатарында елімізде сұранысқа ие түрлі-түсті жібек мата, құрылыс материалдары мен жеміс-жидек бар. 

Алматыдағы Өзбекстанның бас консулдығында көрші елден келген бизнесмендер отандық кәсіпкерлермен бас қосып, осы сауда үйіне қатысты ойын ортаға салды. Бастаманы Өзбекстан экспортаушылар қауымдастығы көтеріп отыр. Көрші мемлекеттің жобасын қазақстандық шенеуніктер қолдаған. Қазір тараптар құрылыс бастамас бұрын ыңғайлы жер іздестіруде. Әзірге аталған кешеннің нақты қашан бой көтеретіні белгісіз. Осылайша бауырлас елдер пандемияда ақсап қалған арадағы сауда-саттықты қайта жандандырады. Болашақта көрші мемлекетте де отандық өнімдер сатылатын кешен бой көтеруі мүмкін.

Аброр Фатхуллаев, Өзбекстанның Қазақстандағы консулы:

- Пандемия саудаға кері әсерін тигізді. Біз жұмыла жұмыс істеп, экспорт көлемін ұлғайтуымыз керек. Қиын-қыстау кезеңде екі ел экономикалық ынтымақтастықты нығайтқаны жөн. Бизнес жобаларды талқылап, шығынға батқан кәсіпкерлерді қолдау қажет. Дәл осы сауда үйі жұмыла жұмыс істеуге үлкен мүмкіндік береді. Жоспарымыз өте көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.