{metadescription}
Елімізде I санатты бес жол бөлігі ақылы болады
Елімізде I санатты бес жол бөлігі ақылы болады

Елімізде I санатты бес жол бөлігі ақылы болады

«ҚазАвтоЖол» биыл бірінші дәреже санатына жататын бес жол бөлігін ақылы етеді. Бұрын жалпы ұзындығы 5800 шақырымды құрайтын 18 жол бөлігінің ақылы болатыны айтылған. Алайда компания оның санын бесеуге қысқартыпты.

Республикалық күре жолдардың ішінде жаңадан ақылы болатын:

«Батыс Еуропа  Батыс Қытай» тасжолы. Оның ішінде Қайнар-Тараз, Тараз-Шымкент, Шымкент- Қызылорда және Шымкент-Ташкент аралығы.

Щучье-Көкшетау, Қапшағай-Талдықорған, Нұр-Сұлтан-Павлодар және Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен бөліктері. Бұл аралықтардағы 2013 жылғы тарифпен жүруге болады. Ол тарифпен жеңіл көліктер әрбір шақырымына 1 теңгеден, автобус орын санына қарай бір шақырымға 5-15 теңге аралығында төлейді.

Жүк көліктеріне жүк салмағына қарай шақырымына 5-25 теңге аралығында тариф қойылған. Қалған 13 жол бөлігі ақылы етуге дайын болмай шығыпты.

Бауыржан Камалиденов, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілі:

- 13 жол учаскелерінде жергілікті ақауы бар. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Зерттеу жүргізілуде. Жергілікті ақау деген бір шақырым, 500 метр, кішкене аралықтар, ойық жөндеу, орта жөндеу жүргізіледі. Осы жылы бізде ол қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде