{metadescription}
Петропавлда көпқабатты үйдің алдында ит сойып терісін сыпырған
Петропавлда көпқабатты үйдің алдында ит сойып терісін сыпырған

Петропавлда көпқабатты үйдің алдында ит сойып терісін сыпырған

Петропавлда  тапа-тал түсте  көпқабатты үйдің алдында ит сойып терісін сыпырып жатқандар тұрғындардың зәресін ұшырды. Айналаны қан-жоса қылған қасапшылардың жауыздығын жоғарғы қабаттағы тұрғындардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған.

Адам шошырлық жағдай әлеуметтік желіге тарап кеткен. Кешікпей полиция  қасапшы еркек пен оқиға орнында болған әйелдің кім екенін анықтады. Егде  жастағы әйел  сол үйдің тұрғыны екен. Ол 42 жастағы танысына итті сойып, бөлшектеп беруін сұраған. Төрт аяқты мақұлықты әжей күшік кезінен асыраған көрінеді. Бірақ не үшін мұндай қатігездікке барғаны әзірге белгісіз. Оларға жануарға жасаған қатыгездігі үшін 350 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті  30 тәулікке абақтыға қамалуы да ғажап емес.

Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы:

ҚР ҚК 316-бабы,жануарларға қатігездік жасау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Полиция қызметкерлері тергеп, тергеу әрекеттері де жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.