{metadescription}
Жерді жалға алған кәсіпкер екі оттың ортасында қалды – Іле Алатау паркі
Жерді жалға алған кәсіпкер екі оттың ортасында қалды – Іле Алатау паркі

Жерді жалға алған кәсіпкер екі оттың ортасында қалды – Іле Алатау паркі

Екі оттың ортасында қалды! Іле Алатауы табиғи паркіндегі жерді 49 жылға жалға алған кәсіпкер парк басшылығы мен әкімдіктің қайсысын тыңдарын белмей сергелдеңге түскен.

Өйткені біріншісі «қонақ үй салмасаң, орныңды босат» десе, екіншісі ерекше қорғалатын аумақта  құрылысқа рұқсат жоқ деп отыр.

Ләззат Әбжамалова, кәсіпкер:

- Екі мемлекеттік орган бір-бірімен келісе алмай отыр. Мен ертең ауыр құрылысты мына жерге салып тастайын. Сонда ертең маған архитектурадан келеді, әкімдіктен келеді. «Мынаны бұзыңыз» дейді. Менің ақшам тағы да желге кетеді. Ал ұлттық парк: «Рұқсатты біз береміз, сен салуың керек» дейді. Білмедім, қайсына сенемін? Малгелдиев маған жұмыс істетпей жатыр.

Ләззат Әбжамалова 14 жылдан бері Алма Арасан шатқалында демалыс орнын ашып, шағын кәсіпкерлікпен айналысып жүр. Көпбалалы ананың қарамағында 20-ға жуық адам жұмыс істейді. Жазда киіз үй тігіп, отандық туризмді дамытуға үлес қосып жүрген кәсіпкер табиғи паркке жаңа басшы келгелі емін-еркін жұмыс істеу арманға айналды деп ашынады. Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы тау бөктерінде орналасқан демалыс орны қызыл сызықтың шегінде, су қорғау белдеуінде тұрғандықтан, тек жеңіл құрылысқа рұқсат берілген. Бұл талаптарды кәсіпкер орындауға дайын. Алайда табиғи парк өкілдері алған бетінен қайтпай отыр.

Сұлтан Қожанов, Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің заңгері:

- Келісімшартта қонақ үй деп жазылса, қонақ үй болу керек. Бізге әкім шешім шығармайды. Үкімет қаулы шығарады. Біз Алматыға енгенімен, астанаға бағынамыз. Қала билігі өзі аймақтарды бөліп тастаған. Олар бізбен ақылдасуы керек. Өйткені біз республикалық маңызы бар паркпіз. Егер шешімге қарсы болсаңыздар, сотқа жүгініңіздер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде