{metadescription}
Заңсыз қоқыс орындары үш ай ішінде жойылуы тиіс
Заңсыз қоқыс орындары үш ай ішінде жойылуы тиіс

Заңсыз қоқыс орындары үш ай ішінде жойылуы тиіс

Елдегі заңсыз қоқыс орындары үш ай ішінде жойылуы тиіс. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев өңір басшыларынан осындай қатаң шара қабылдауды сұрап отыр. Әйтпесе ел аумағында тұрмыстық қалдықтардың қордалануы ұлғайып барады.

Министр Мырзағалиевтің айтуынша, Қазақстан аумағында 3 мыңнан аса қоқыс полигоны бар. Бірақ соның 80 пайыздан астамы санитарлық талапқа сай емес. Қатты тұрмыстық қалдық көлемін айтарлықтай қысқарту үшін Waste to Energy тетігі енгізілген. Бұл жоба қалдықтарды жағып, одан электр қуатын өндіріледі. Алты қалада қоқыс жағатын зауыт салынатын болды. Бүгінде Қазақстан аумағында 125 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық, яғни қоқыс жиналып қалған. Оның тек 18 пайыздан астамы ғана қайта өңделіп жатыр. Сондықтан экология министрі заңсыз қоқыс орындарын жоюды сұрады.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Бүгінде ғарыш мониторинг нәтижелері бойынша заңсыз қоқыс тастайтын 2539 учаске анықталды. Осыған байланысты, Асқар Ұзақбайұлы, әкімдіктер полигондарды санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келтіруді және үш ай мерзімде рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жоюды тапсыруды сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде