{metadescription}
Қарбызда нитрат мөлшерден үш есе көп шыққан – Ақтөбе
Қарбызда нитрат мөлшерден үш есе көп шыққан – Ақтөбе

Қарбызда нитрат мөлшерден үш есе көп шыққан – Ақтөбе

Қарбыз жеу қауіпті. Ақтөбегі коммуналдық базарда бұл бақша дақылын сатуға әзірге тыйым салды. Сынама алған мамандар нитраттардың мөлшерден үш есе асып кеткенін анықтаған.

Асқарбек Қойлыбаев, комуналдық базар әкімшісі:

- Бірінші партиясынан сынама алғанда нитраттың мөлшерден көп екенін анықтадық. Қазір сатып жатқан жоқпыз. Нитрат үш есе көп болды, бұл өте қауіпті.

Ақтөбеге қарбыз оңтүстік өңірлерден жеткізіліп жатқанына екі аптадай болды. Қазір тек комуналдық базарда ғана сатылмайды. Ал қалған сауда орындарында келісі 400-450 теңгеден толып тұр. Бірақ санитар мамандар қарбызды жаппай тексеруге құқығымыз жоқ деп отыр. Тек адам уланып немесе сауда орындары мен базарға қатысы арыз түссе ғана сынама алады екен. Ал қарбыздағы нитраттың көп болуы адам денсаулығына қауіпті. Қатты уланып, іш құрылысын зақымдауы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде