{metadescription}
Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі жолда тұр
Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі жолда тұр

Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі жолда тұр

Жолда қалған жүргізушілер. Жамбыл облысында 30-дан аса жүк көлігі діттеген жеріне жете алмай жарым жолда қаңтарылып тұр. Олар Қырғызстаннан Ресейге халық тұтынатын таураларды жеткізуі тиіс екен.

Алайда шекарадан өткен көліктерді Меркідегі кірістер басқармасының мамандары тоқтатып 15 күннен бері тексеруде. Көлік иелері бұл заңсыз дейді.

Меркідегі автотұрақта 32-жүк көлігі қаңтарылып тұр. Олар қырғыз елінен тиелген таураларды Ресейге жеткізуі тиіс.Біақ 15 күнен бері жолға шыға алмай жатыр. Жүргізушілер шекарадан өткізген көліктерді кірістер басқармасы ұзақ уақыт тексеруін түсінбейді.

Владимир Чугуев, көлік жүргізушісі:

- Тексеріс болады деп бізді осында алып келді. Бірақ өздері әлі жоқ. Сосын амалсыз прокуратураға шағым түсірдік. Бірақ онда да нәтиже болмай жатыр. Біздің құжатымыз заңды. Бәрі дұрыс.

Қырғызстандық жүргізушілер тауар тиелген машиналардың маңында жүруге мәжбүр. Тонап кете ме деп қорқады. Бәрі көлікте түнейді. Тамақты да далада ішеді.

Олар жарты айдан бері әбден қиналдық деп отыр. Оның үстіне автотұрақтағы әр жүк көлігіне күніне 4 мың теңге төлейді екен. Сондықтан белшемізден шығынға баттық деп жыларман күйде.   

Виктор Рыжов, көлік жүргізушісі:

- Тамақтың өзіне 20-30 мың теңге жұмсадық. Автотұраққа әр көлікке ақша төлеп жатырмыз. Бұл жерде тек біз емес, тапсырыс беруші де шығынға ұшырап жатыр. Біз транзитпен кетіп бара жатырмыз. Кеден одағының не үшін құрылғанын түсінбедік. Бұл адамды қорлау ғой.

Тасымалдаушылар кірістер басқармасының әрекеті орынсыз деп есептейді. Өйткені сұраған құжаттың бәрін көрсетіпті. Бірақ сонда да тексеруші орган ұстап отыр деп қапалы. Ал кірістер басқармасының өкілдері өздерінікін дұрыс деп санайды. Себебі, тауар мен құжаттың сәйкестігін қадағалау міндетіміз дегенді айтады. Тіпті 15 күн емес, тексеріс бір айға созылады деп салды.

Елдос Байымбетов, Меркі ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

- Жалған құжат бойынша ол жерде деректер бар. Сол деректермен тексеріс жүргіземіз. Егер анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. 7 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін.

Кірістер басқармасының басшысы тексерістің ұзаққа созылуын маман тапшылығымен түсіндіреді. Мұнда бар болғаны үш қызметкер екен. Күніне біреуі ғана жұмысқа шығады. Олар автотұрақтың ақылы екенін білмедік дейді. Алдағы уақытта оны тегін қылуға уәде етті. Ал, жіпсіз байланған жүргізушілер бақылаушылар батасын бергенше, осында күтіп тұра береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде