{metadescription}
Алматы облысында зулаған көлікке соғылған жылқы сеспей қатты
Алматы облысында зулаған көлікке соғылған жылқы сеспей қатты

Алматы облысында зулаған көлікке соғылған жылқы сеспей қатты

Алматы облысында жол апатына себепкер болған жылқының иесі айыппұл арқалады. Тас жолдың бойында бейберекет жүрген жануар жеңіл көлікке соғылған.

Енді малынан айрылған иесі 15 мың теңге айыппұл төлеп, зақымдалған көлікті жөндеуге міндеттелуі де мүмкін.

Оқыс оқиға Көлсайға баратын жолдағы Саты ауылында болған. Зулап келе жатқан көлікке қос тұяғын сермей атылған Қамбар ата түлігі сол жерде сеспей қатқан. Ал жүргізуші дін аман. Әлеуметтік желіге таралған видеода айғыр көліктің алдынғы әйнегін сындырып, басы салонға кіріп кеткен. Жылқының денесі «Аудидің» төбесіне шығып кеткен. Соның салдарынан машинаның алдыңғы бөлігі қатты зақымданған. Жүргізуші жылқы кенет жолға ытқып шыққандықтан тежегішті дер кезінде басып үлгермегенін жеткізді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде