{metadescription}
Үнді, нью-йорктік, оңтүстікафрикалық штамм Алматыға жетті
Үнді, нью-йорктік, оңтүстікафрикалық штамм Алматыға жетті

Үнді, нью-йорктік, оңтүстікафрикалық штамм Алматыға жетті

Коронавирустың қауіпті «дельта» штамы Алматыда да анықталды.  Вирустың бұл түрі 37 жастағы әйелдің сынамасынан табылған. Қазір науқас инфекциялық стационарда жатыр. Онымен байланыста болған 7 адам да шұғыл оқшауланған.

Мамандар тағы бір алматылықтан нью-йоркті» және екі адамнан оңтүстікафрикалы штамм да анықтады. Түрленіп келіп қауіп төндірген ковидің штамдары туралы не білеміз? 

Кеше ғана Нұр-Сұлтанда анықталған коронавирустың үнді штамы Алматыға да жетті. Мутация вирус 37 жастағы тұрғыннан анықталған. Үй шаруасындағы әйел індеттің қауіпті түрін нақты қайдан жұқтырғаны белгісіз. Науқас жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне және құрылыс базарларына барған екен. Вирусты сол жерлерден жұқтыруы мүмкін. Бұған қоса күйеуі іс-сапармен шетелге көп шығатындықтан, «дельта» штамын отағасының да әкелуі ғажап емес.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

- Тығыз қарым-қатынаста болған 7 адамды оқшауладық. Сондықтан олардың артынан медициналық бақылау жүргізіліп жатыр. Қазір инфекциялық стационарда. Ең тығыз байланыста болған 7 жастағы қызы бөлек палатада жатыр. Бір бөлек блок соларға арналған.

Мутация вирустың бұл түрі науқастардың буынын қақсатып, ішті қатты ауыртады екен. Дене қызуы көтеріліп, тұмау белгілері пайда болады. Тіпті есту қабілеті нашарлауы мүмкін. Ал иіс сезбей қалу болмайды. Әрі үнді штамы жылдам таралады. Алматыда үндіден бөлек, бір тұрғынның сынамасынан нью-йорктік және екі адамнан оңтүстікафрикалық штамм анықталыпты. Мамандар генетикалық зерттеулерді тоқтатпай, әлі де ақпараттарды нақтылап жатыр. Ал өзгеріске ұшыраған вирустардан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру.  

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитар дәрігері:

- Осы вакциналарды әзірлеген тұлғалардың мәліметі бойынша, вакцина Үндістан штамынан қорғайды. Сондықтан баршаңызды вакцина салдыруға шақырамын.

Соңғы аптада Алматыда індет жұқтыру көрсеткіші қайта өсе бастаған. Себебі: жұрт босаңсып, санитарлық талапты ескермейді. Сондықтан Бекшин шектеу шараларының қайта күшейтілуі мүмкін екенін атап өтті. Тұрғындардың 38 пайызы коронавирусты сауда орындарынан жұқтырып қайтады екен. Әсіресе базарларда қауіп жоғары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде