{metadescription}
Елорда перзентханаларында нәресте анасымен жерде жатыр
Елорда перзентханаларында нәресте анасымен жерде жатыр

Елорда перзентханаларында нәресте анасымен жерде жатыр

Елорда перзентханаларында орын жоқ. жарық дүние есігін ашқан шақалақтар аналарымен бірге жерде жатуға мәжбүр. Босанған әйелдерге жағдай жасаудың орнына дәрігерлер ақылы бөлмелерді ұсынудан жан салмай жүрген көрінеді.

Сурет Нұр-Сұлтандағы №1 периниталдық ауруханада түсірілген. Еш жағдайы жоқ жерде аналар бөпесін емізіп отыр. Бізге арызданған босанған ананың сөзінше, тегін палаталар бола тұра, перзентханадағылар 10 мың теңге шамасындағы ақылы палатаға ауысуды ұсынған. Бірақ әйел одан бас тартыпты.

Қаланың денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға ауруханада орынның жетіспеуі себеп болды дейді. Елордадағы үш перзентхананың қазір екеуінде ғана аналар босанып жатыр, ал біреуі ковид жұқтырған әйелдерді қабылдайды. Бір жағынан, жыл өткен сайын өмірге келіп жатқан нәрестелердің де саны екі есеге артқан. Проблеманы шешу үшін жаңа перзентхана салынады. Ал кеше босанған аналарға берілген матрастар халықаралық ұйым бекіткен талапқа лайық  дейді.

Әйгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Денсаулық сақтау ұйымы өзі ұсынған арнайы матраста жатқызылды. Ковидпен ауырмаған, сау болашақ аналарды біз тек екі акушерлік блокта қабылдаймыз. Бұл үлкен жүктеме. Төсек-орын жүктемесін алғанда, медициналық қызметкерлерге де артылып отырған жұмыс жүктемесі өте үлкен. Қазір 250 төсек-орындық №1 көпбейінді қалалық аурухана базасында салу жоспарда. Әзірге нақты мерзімі белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде