{metadescription}
Мәйіттер ауысып кеткен: Өз әкесінің орнына басқаны жерлей жаздады
Мәйіттер ауысып кеткен: Өз әкесінің орнына басқаны жерлей жаздады

Мәйіттер ауысып кеткен: Өз әкесінің орнына басқаны жерлей жаздады

Мәйіттерді ауыстырып жіберген. Елордада көпсалалы медицина орталығындағы қателіктің кесірінен қайғыда жүрген балалары өз әкесінің орнына басқа біреудің денесін жерлей жаздады. Медицина мекемесінің қызметкерлері марқұмның мәйітін басқа біреумен шатастырып, Таразға ұшақпен салып жіберген.

Кәкен Жантайұлы, марқұмның туысы:

- Ашсақ, басқа бір адам. Інісі болған, сол көрді. Екі баласы көрді. Мен көрдім, ол емес боп шықты. Бейнесі біраз ұқсайды. Ал енді қалғаны қайда десек, олар айтпайды. ,«Жоқ, осы» дейді. Өзіне әкеп бұрынғы суретпен салыстырдық, міне, мына адам, мынандай болатын дедік. Анада мең бар, мынада мең жоқ дегеннен кейін бұлар қипылықтай бастады. Таразға кетіп қалды деді.

Бүгін таңертең Таразға кетіп қалған марқұмның денесі түс ауа ұшақпен елордаға қайта жеткізілді. Әкелген бойы балалары мен туыстары әуежайдан көлікке салып жерлеуге алып кетті. Айтуларынша, жетпіс жастағы кісі екі апта бойы коронавируспен ауырып, ақыры беті бері қарамай о дүниеге аттанған.

Дәрігерлер жағдайды былай баяндайды: екі мәйіт кеше инфекциялық ауруханадан жеткізілген. Кеше кешке екі мәйіттің бірінің баласы келіп, 63 жастағы әкесін танып, Таразға әкететін болған. Сол тәртіппен бүгін таңертең сол мәйіт Таразға жіберілген. Алайда Таразда жерленуі тиіс болған кісінің баласы жағдайды басқаша түсіндірді. Айтуынша, кеше өзі келіп әкесінің денесі қайсы екенін көрсетіп кеткен. Осы былықтың кесірінен өз әкесінің денесі Таразға бүгін кешке жеткізілейін деп тұр. Сондықтан дәрігерлерді салғырттығы үшін сотқа беруге бекінген. Ақ халаттылар кінәсін мойындап, марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрады. Сондай-ақ шатасқан мәйітті Тараздан қайтарып әкелу шығынын да өз қалтасынан төлеген.

Бақтыбай Оразбеков, Нұр-Сұлтан қаласы көпсалалы медицина орталығы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары:

- Зертханашы мәйіттің бетін ашып көрсетіп сұраған баласынан: «Сіздің әкеңіз бе?» деп сұраған. Ол: «Иә, менің әкем» деген. Одан кейін рәсім қызметімен бірге келді дейді. Мырыш табытқа салып алып кетті дейді. Одан кейін екінші мәйітке баласы таңертең келген. Туыстарымен. Олар ашып қараған кезде мәйіт бөтен болып шыққан. Сол екеуінің орны ауысып кеткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде