{metadescription}
«Семей орманы» резерватының басшылары қамауға алынды
«Семей орманы» резерватының басшылары қамауға алынды

«Семей орманы» резерватының басшылары қамауға алынды

«Семей орманы» резерватының бас директоры мен қос орынбасары қамауға алынды. Олар ағаш кесуге рұқсат бергені үшін кәсіпкерлерден пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, директор мен екі орынбасары тергеу абақтысына қамалыпты. Олар санитарлық тазалау деген сылтаумен  орманды алқапты отауға рұқсат берген. Яғни резерват басшыларының мұртын майлаған кәсіпкер шірімеген қарағайларды қырқып тастаған.

Құзырлы орындар резерват басшысының қанша көлемде пара алғанын айтпай отыр. Қанша түп ағаш кесілгені де тергеу кезінде анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде