{metadescription}
Мектептер дәстүрлі оқыту форматына қандай жағдайда көше алады?
Мектептер дәстүрлі оқыту форматына қандай жағдайда көше алады?

Мектептер дәстүрлі оқыту форматына қандай жағдайда көше алады?

Мектептер дәстүрлі оқыту форматына педагогтар мен қызметкерлері 100% вакцина салдырғаннан кейін көше алады. Бұл туралы бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов хабарлады. 1-қыркүйектен бастап елімізде 7 мың 475 мектеп ашылады деп жоспарланып отыр.

Ерлан Қиясов, ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері:

Алдымен білім беру мекемелерінің педагогтары мен қызметкерлері 100 пайыз вакцина алуы керек. Карантин жағдайында дәстүрлі оқу үлгісіне көшу дифференциалды түрде жүргізіледі. Ол қанша адамның оқшауланатынына, қаншалық тәртіп бұзылатынына және орналасқан аймағының қандай түске боялғанына байланысты болады.

Бас санитардың айтуынша, мектептердегі сақтық шараларына баса мән беріледі. Бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынып, сыныптар бөлінеді және әр сыныпқа үзіліс уақыты да әр түрлі болады. Асханада тамақтануда  бақылау күшейтіледі.

Жоғары оқу орындарында 18 жастан асқан студенттер вакцина алуы керек. Болмаса қашықтан оқытуға ауыстырылады.

Білім беру ұйымдарының басшылары да өз ұсынысын айтты. Мәселен, олар оқушыларды бастауыш, орта және жоғары мектеп блоктарына бөлуді ұсынады. Коронавирус анықталған жағдайда карантинге бүкіл мектеп емес, нақты блокты жабу керек дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.