{metadescription}
Бақыт Сұлтанов: Күзде картоп пен сәбіз арзандайды
Бақыт Сұлтанов: Күзде картоп пен сәбіз арзандайды

Бақыт Сұлтанов: Күзде картоп пен сәбіз арзандайды

Күзде картоп пен сәбіз арзандайды. Бүгін сауда министрі бағаға қатысты алдын ала болжамын жасады. Бақыт Сұлтановтың сөзіне сүйенсек, көкөніс піскен шақта Ресей мен Өзбекстанда тапшылық тудырған импорттық тауарларға да сұраныс төмендейді екен.

Бұл фактор біздегі баға саясатына әсер етіпті. Өткен айларда ішкі нарықтың өнімсіз қалғаны үшін шенеунік өзін мүлдем кінәлі сезінбейді.

Үш жыл бұрын жарнамасы жер жарған көтерме сауда орталықтары халықты қымбатшылық жағдайынан құтқара алмады. Еліміздің барлық өңірінде салынуы тиіс болған орталықтар тек қағаз жүзінде қалған.

Сауда министрі азық-түліктің тұрақтандыру қорларына да жұрт үміт артпаса деген тілегі бар. Өйткені әлеуметтік маңызға ие тауарлар сақталатын қоймалар нарық қажеттілігінің екі-үш пайызын ғана қамтамасыз етеді. Жақында біздің кәсіпкерлер Өзбекстан мен Тәжікстанға барып қайтты. Олар осы елдерден үш мың тонна жеміс және көкөніс өнімдерін Қазақстанға әкелу туралы  үш миллион долларға келісімшарт жасасқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде