{metadescription}
Рестораторлар: Жұмыс уақытын ұзартпаса, банкрот боп тынамыз
Рестораторлар: Жұмыс уақытын ұзартпаса, банкрот боп тынамыз

Рестораторлар: Жұмыс уақытын ұзартпаса, банкрот боп тынамыз

Жұмыс уақытын ұзартпаса, банкрот боп тынамыз. Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы елдегі карантин тәртібінің күшейтілгеніне наразы. Өйткені оларға сағат кешкі 8-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген. Соның кесірінен елдегі қоғамдық тамақтандыру орындарының 40 пайызы қазірдің өзінде жабылудың алдында тұр дейді рестораторлар.

Вероника Нұрпейісова, ҚР Қоғамдық тамақтандыру қауымдастығы төрағасының кеңесшісі:

- Онда несіне Ashyq жүйесі енгізілді? Бізді не үшін вакциналап жатыр? Бүкіл талапты орындасақ та, бізді тағы шектеп қойды. Оның үстіне жасырынып жұмыс істейтін жерлер көбейді. Онсыз да бәрі қазіргі режимге үйренді емес пе?! Түн ортасына дейін ешкім жүрмейді. Жүретіндері сол, есікті іштен құлыптап қойып жұмыс істейтін жерлерге барады.

Сондықтан олар үкіметтік комиссия карантинді күшейту туралы шешімін қайта қарау керек дейді. Әйтпесе кешкі 8-ден кейін жабылатын болған соң табыстың 90 пайызынан қағылып жатыр екен. Оның үстіне қызметкерлерін вакциналау уақытының да тым тығыз екені қосымша қиындық тудырған. Бірақ оның мерзімі қайта қаралатын болды. Десе де жұмыс уақытына қатысты ондай жеңілдік жоқ.

Елде ковид жұқтырушылар қатарының тым өсіп кетуінен үш ірі қала мен 11 өңір «қызыл» аймаққа енгізіліп, елде карантин күшейтілді. Алайда бір елорданың өзінде екі аптада карантин төртінші рет қатаңдатылып жатса да, еш нәтиже болмай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.