{metadescription}
Зерттеу: Маңғыстау облысының 64 пайыз аумағы шөлейттеніп кеткен
Зерттеу: Маңғыстау облысының 64 пайыз аумағы шөлейттеніп кеткен

Зерттеу: Маңғыстау облысының 64 пайыз аумағы шөлейттеніп кеткен

Биыл Маңғыстау облысында жер кеуіп, мал жайылатын жер екі есеге азайған. Жер шарын қашықтан зондылау кезінде өңірдің 64 пайыз аумағына шөп шықпай шөлейттеніп кеткен. «Қазақстан ғарыш сапары» осылай деп дабыл қағып отыр.

Зерттеушілердің айтуынша, жағдай жылдан-жылға нашарлап барады. Тіпті шабындық жерлер 30-40 пайызға азайған. Мамандар мұны көктемде күннің ерте ысып, жауын-шашынның аз түсуімен байланыстырып отыр. Маңғыстау облысында шөп шыққан жердің өзінің 36 пайыз сапасы сын көтермейді дейді ғарыштан түрлі деңгеуде зерттеген мамандар.  Жалпы биыл мұнайлы өңірде қуаңшылықтан жыл басынан бері 1500-ге жуық мал қырылған.

Өскен Тойшыбеков, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ» кеңістік деректер департаменті директорының орынбасары:

- Маңғыстау облысында алдыңғы жылдары да жайылымның көбісі өте нашар деңгейде көрінетін. Ал биыл бұрынғы нашар болып тұрған жерлердің өзі өсімдіктен тақыр жерлерге айналған. Еш өсімдік шықпайды, ол жерде мал жайылуға келмейді деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде