{metadescription}
Тыңшылыққа қатысты айыпталған Pegasus жаланы жоққа шығарды
Тыңшылыққа қатысты айыпталған Pegasus жаланы жоққа шығарды

Тыңшылыққа қатысты айыпталған Pegasus жаланы жоққа шығарды

"Талайдың телефонын тыңдады" деп айыпталған Израиль компаниясы өзіне жабылған жаланы жоққа шығарды. Компания басшылығы Pegasus бағдарламасы ешқандай шенеуніктің, журналистің құрылғыларына қол сұқпаған.

Егер дәлелденген дерек табылса, барлық жүйені өшіруге уәде  беріп отыр.  Тыңшылық бағдарламамен 14 елдің басшыларының телефондары тыңдалыпты. Тоқаев пен Мәмин тыңшылық іске басып қатырып отырған жоқ. Ел билігіндегілер өзге мемлекеттердің басшылары секілді жаңалыққа міз бақпады

- Адам денсаулығы үшін де, былайғы өмірде де телефонның қауіпті екенін білеміз. Біле тұра пайдаланамыз. Ал пайдаланбасақ, бір нәрсе жетіспейтіндей, қолың кесілгендей болады да тұрады. Зиянынан гөрі пайдасын көбірек ойлайтынымыз болуы керек, телефонды жыл сайын жаңасына ауыстырып, түрлі қосымшамен жұмыс істейміз. Бүкіл деректі осы бір гаджетке сеніп тапсырып қойғанбыз. Ал бұның арты кейде хакерлерге жем болумен аяқталып жататыны – шындық.

Шартарап екі күннен бері Pegasus бағдарламасымен телефоны тыңдалғандар туралы біліп шулап жатыр. Тізімді жариялаған Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы олардың қатарында ұзын саны 2000-дей қазақстандықтың бар екенін мәлімдеді. Президент Тоқаев, үкімет басшысы Мәмин, Алматы қаласының әкімі Сағынтаев журналистер мен қоғам белсенділерінің қатарын толықтырып тұр.

Серікжан Мәулетбай, журналист:

Мен телефон тыңдауға қарсымын. Жеке өмірім болғандықтан, телефонымды тыңдап, мені аңдығандарын қаламаймын. Менің жұмысыма қатысты емес  дүние жұртқа тарап кетпесе деймін. Ақпарат ленталарынан менің тізімде бар екенімді білгенімде оған аса мән бермедім.

Pegasus – Израильдегі кибербарлауға маманданған компания әзірлеген тыңшылық бағдарламасы. О баста ол лаңкестер мен қылмыскерлерді аңдуға арналған. Енді бағдарлама журналистер мен қоғам қайраткерлерінің телефонына еніп, аңду үшін пайдаланылған. Қажетіне қарай камера мен микрофонды да қосқан. Отандық мамандар бағдарламаны анау-мынау адамдар сатып ала алмайды дейді. Ең қиыны – тапсырыс берушіні анықтау. Pegasus бір мезетте 50 телефонды аңди алады.

Олжас Сатиев, Кибершабуылдарды тергеу және сараптау орталығының президенті:

- Телефонды алып зерттеу керек. Тәуелсіз зерттеушілердің бағдарлама жасақтамасы шықты. Бұл телефондағы вирус іздерін  троянды табуға, тексеруге мүмкіндік береді. Орталық «осындай да осындай телефон нөмірлері қызығу тудырған» деп жариялады.  Біріншіден, телефон тыңдалмаған болуы мүмкін. Екіншіден, адамның іс-әрекетіне тосқауыл бола алмайсың. Яғни телефон иесі гаджетін сөндіріп, қайта бағдарламалауы мүмкін.

Құқығы әбден тапталған журналистер де, қоғам белсенділері де істі соңына дейін жеткізбек. Қазақстандық құқық қорғау органдарына сенуден қалған.

Бигелді Ғабдуллин, журналист:

- Әзірге қазақстандық құқық қорғау органдарына шағымданбаймын. Ол бос әурешілік. Заңгерлермен кеңесемін. Содан кейін ғана халықаралық ұйымдарға, соның ішінде Халықаралық құқық қорғау үкіметтік емес ұйымының көмегіне жүгінемін. Іс күрделі. Менің конституциялық құқым тапталды.

Қазақстанның медиа сарапшыларының сөзінше, журналистерді аңду жаңалық емес. Ал сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы тыңшылардың ісін бүкіл әлемге әйгілеп берген. Әділдікке жету үшін барлық табалдырықты аттауға дайын.

Мирас Нұрмұханбетов, «Әділ сөз» қорының вице-президенті:

Журналистер мен қоғам белсенділерін аңдитыны жаңалық емес. Мұндайды «Полишенель құпиясы» дейді. Біз оны білеміз, жасыратын несі бар? Кейде деректердің беті ашылған жағдайлар болды. Енді біз журналистердің артынан арнайы жасақтың аңдымауын қадағалап, доғаруын талап етеміз.

Дүйім жұртты әуреге салған Pegasus бағдарламасын қадағалайтын компания үшінші күн дегенде тіл қатты. Компания басшылығы саяси элита мен азаматтық қоғам өкілдеріне ешқашан тиіспегенін айтады. Тіпті тілшілердің немесе шенеуніктердің телефонына шынымен тыңшылық жасалған болса, жүйені толық істен шығаруға әзір.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде