{metadescription}
Сөзі қабыспаған қос басшы ел алдында қыран-топан күлкіге қалды
Сөзі қабыспаған қос басшы ел алдында қыран-топан күлкіге қалды

Сөзі қабыспаған қос басшы ел алдында қыран-топан күлкіге қалды

Семейде қара түнекте қалған Комсомол кентінің тұрғындары жергілікті шенеуніктер мен тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызды. Жаппай наразылыққа шыққан жұрт Абай ауданына қатынайтын тас жолды жауып тастауға әрекеттенді.

Ашынған халықтың айтуынша, еш себепсіз екі күннен бері баспаналарын электр энергиясынан ажыратып тастаған. Соның салдарынан жұрттың тоңазытқыштағы азық-түлігі түгел бұзылып кеткен. Ал жол жаппақшы болған жұртқа сан сылтауын айта келген атқамінерлер бірін-бірі түсінбей, ел алдында күлкіге қалды.

«Жарық жоқ!»  деп шулаған жұрт аудан арасындағы жолды жауып тасмақшы болған. Алайда тайлы-тұяғы қалмай жиналған тәртіп сақшылары тұрғындарды райынан қайтарып, жолдан қуалап әлек. Комсомол кентінің тұрғындары мұндай қадамға әкімдіктің назарын бізге аудару үшін бардық дейді.

Комсомол кентіне екі күннен бері жарық жоқ. Шілденің шіліңгір ыстығында тоңазытқыштағы азық-түлік түгел ысырап болған. Әдеміау Екпінбайқызының сатып алған еті сасып жатыр. Күн ыстықта қолқаны қапқан жағымсыз иістен баспанаға кіру мүмкін емес. 

Әдеміау Екпінбайқызы, Комсомол кентінің тұрғыны:

- Мен осы жолы 120 мыңға ет сатып алдым. Балаларым үшін. Қандай жағдайда тұрғанын көрдіңіздер. Кешеден бері осы. Біз таңға дейін жарық беріледі деп күттік. Бүгін жанған жоқ. Сүт те бұзылды.

Көшеге шыққан халықтың ашуын басуға шаһар әкімінің  орынбасары келді. Шенеунік жарықтың жоқтығын желілердегі ақау деп түсіндірді. Ал жергілікті коммуналдық бөлім басшысы басқа сылтау айтып ақталды. Сондықтан сөздері қабыспайтын қос басшы ел алдында қыран-топан күлкіге қалды. Өтірігі өтпей қалған қос атқамінерден халық қала әкімін шақыртуды талап етті. Алайда жаңа сайланған әкім жұртқа төбесін де көрсетпеді. Есесіне көлік қозғалысын тежеуге әрекеттенген қараша дегеніне жетті. Біраз уақыттан кейін келген энергетиктер тоқтың үзілген жерін тауып, жарықты жедел қосуға уәде берді. Тіпті оны іздеуге әкім орынбасары мен бөлім басшысы жұмылдырылды. Бүгінде Комсомол кентінде бой көтерген баспаналар энергетик компаниялардың қарамағында жоқ. Сондықтан тұрғындар наразылыққа шықпайынша, оларды қараңғы қапастан шығаруға ешкім әрекет жасамаған сыңайлы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде