{metadescription}
Орталық базар сатушылары карантин талабына қарсы шықты – Атырау
Орталық базар сатушылары карантин талабына қарсы шықты – Атырау

Орталық базар сатушылары карантин талабына қарсы шықты – Атырау

Атыраудағы орталық базар сатушылары шу шығарды. Басшылық оларға еш ескертпестен сағат түскі үш шамасында базардың қақпасын тарс жауып, саудагерлердің  үйге қайтуын  талап еткен. Оған бүгін ғана күшіне енген жаңа қаулы себеп.

Райхан Жұмағалиева, саудагер:

- Базарға таңертең сағат 10-да келеміз. Базарда кісілер тек 4-тен бастап жүреді. Сағат үшке дейін отырамыз саудамызды жүргізе алмай. Солай емес пе? Бәрімізге қиын! Несиелеріміз, жалға алу ақшамыз бар. Сенбіде демалғанның өзінде бізге ауыр соққы болып жатыр.

Базар әкімшілігінің алдана жиналған 100-ден астам сатушының базынасын тыңдауға басшылық келмеді. Карантин талаптарына көнгісі келмегендер базардың жұмыс уақытын кешкі беске дейін созбаса, ертең тағы да наразылыққа шықпақшы. Өйткені саудагерлер бәріміз вакцина алдық дейді. Алайда бұл базар «Ашық» жобасына енгізілмеген. Сондықтан облыстың бас санитары шығарған қаулыға сай тек түскі сағат үшке дейні ғана жұмыс істеуге тиіс. Сондықтан сауда орнының санитар дәрігері «біз бұйрықты орындауға міндеттіміз» деп, мардымды ешнәрсе айта алмады.

Гүлнәр Кәрімова, орталық базардың санитар-дәрігері:

- Басшыларымыз жұмыстанып жатыр. «Ашыққа» жұмыс істеп жатырмыз. Біз орындаушымыз. Бүгінгі шыққан қаулыны ғана орындап отырмыз. Жабық пассаж, павильондар сағат үшке дейін істейді, сол талапты орындап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.