{metadescription}
Ұшақ сүйреп рекорд жаңартпақ болған жігіттің күші жетпей қалды
Ұшақ сүйреп рекорд жаңартпақ болған жігіттің күші жетпей қалды

Ұшақ сүйреп рекорд жаңартпақ болған жігіттің күші жетпей қалды

Рекорд орнатам деп күші жетпей қалды. Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда ұшақ сүйреп әлемдік рекордты жаңартпақ болған жігіттің әуе көлігін сүйреуге шамасы келмеді. 26 тонналық ұшақ ақыры орнынан тапжылған жоқ.

Алмат Жұманов ұшақ сүйреуге тыңғылықты дайындалды. Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін «Бомбардиер» ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды. Жаңа рекордты тамашалауға келген тілшілермен бірге Гиннесс кітабының  өкілдері де сертификатын ұстап әзір тұрған. Алайда қанша тырмысса да, ұшақты сүйрей алмай қойды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Токиодағы спортшыларымызға арнамақ болынған рекорд ақыры тіркелмеді.

Бұған дейінгі нәтиже 13 тонналық ұшақ сүйреу Ресейде тіркелген. Ал 21 жастағы Алмат Жұманов бұған дейін 109 тонналық пойыз тартқан екен. Енді ұшақты қойып, Алматыда 300 тонналық пойыз сүйреп рекорд жаңартпақшы. Қазіргі көрсеткіш 276 тонна.

Алмат Жұманов, рекордшы:

Бір-екі рет тартқан кезде күшім қалған жоқ. Сондықтан менде 4-5 мүмкіндік болды. Соңғысында күшім жетпей қалды. Бірінші, екіншісінде күшім бәрі сонымен кетті. Және жері қисық болды. Жоғары шыққан кезде мені артқа лақтырып жіберді. Сондықтан бұл өте қиын болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.