{metadescription}
СОVID-19: Бір тәулікте 127 адам өлді, 2 мыңнан аса науқастың жағдайы ауыр
СОVID-19: Бір тәулікте 127 адам өлді, 2 мыңнан аса науқастың жағдайы ауыр

СОVID-19: Бір тәулікте 127 адам өлді, 2 мыңнан аса науқастың жағдайы ауыр

Қауіпті кесел елімізде тағы 127 адамның өмірін жалмады. Оның 105-і СОVID-19-дан көз жұмса, 22 тұрғын коронавирус пневмониясынан ажал құшқан.

Денсаулық сақтау министірлігі таратқан мәлімет: бір тәулікте 8 жарым мыңға жуық адам кеселге шалдыққан. Оның 400-ден астамынан коронавирус пневмония анықталған.

Елімізде  дерт дендегендер саны 680 мыңнан асты. 115 мыңнан аса науқас ауруханаларда ем алып жатыр. Дәрігерлер 2 мыңнан көп науқастың жағдайы ауыр дейді. Оның 230-ы арнайы тыныс алу аппартына қосылған. Ал вирустан көз жұмғандар саны 11 мыңның үстінде.

Қазір коронавирустың қарқынын қайтару үшін карантин шектеулері күйшетілген. Тәулігіне мың жарым адамнан ауру анықталып, індет таралуда бірінші орында тұрған Алматыда демалыс күнгі локдаун жалғасады.  Тіпті «Ашық» жүйесінің бар-жоғына қарамастан банк пен пошта бөлімшелері, ірі сауда орындары мен ойын сауық кешендеріне жұмыс істеуге рұқсат жоқ. Ал одан кейінгі демалыста бұл шектеулердің сақталуы эпидахуалға байланысты болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде