{metadescription}
Мектепке баруға дайын
Мектепке баруға дайын

Мектепке баруға дайын

Әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан алматылық оқушылар мектепке сақадай сай! Бюджет есебінен 23 мыңнан астам ұл-қызға көмек көрсетілген. Оларға мектеп формасы мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін 800 миллион теңге жұмсалыпты.

Бұған қоса, «Мектепке жол» дәстүрлі науқаны да жалғасуда. Оның аясында демеушілер есебінен 9 мыңнан аса алматылық оқушыға көмек берілді. Оларды жаңа оқу жылына дайындауға 123 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалған. Оның 32 миллионына бірінші сынып оқушыларына арналған мектеп формасы, 19 миллионына сөмке мен құрал-жабдықтар сатып алыныпты. Ал, 72 миллион теңгеге 2 мен 11-інші сынып аралығындағы көпбалалы отбасыдан шыққан ұл-қыздардың оқу құралдары түгенделген. Қайырымдылық науқаны жыл бойы жалғасатынын айта кетейік.

Қайрат Жұманов, Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Көмекке мұқтаж ата-аналар atamekenim.kz  порталында өтініш қалдыра алады. Демеушілер мен меценаттар да қол ұшын созуға ниетті екенін осы платформада білдіре алады. Оқушыларды мектепке дайындауға қаражат бөлгісі келетін азаматтар тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне хабарласса да болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде