{metadescription}
Парадзюдошылар елге оралды
Парадзюдошылар елге оралды

Парадзюдошылар елге оралды

Қазақстан қоржынына күміс медаль салған парадзюдошылар бүгін елге оралды. Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатинаны Алматы әуежайынан жанкүйерлері, дос-жарандары мен тілшілер салтанатты түрде күтіп алды. Ал, демеушілер спортшыларды ақшалай сыйлықпен қуантты.

Токиодан алтын мен күміс медальді ұзақ күткендей, жүлделі паралимпиадашыларды да біраз күтуге тура келді. Таңғы алтыға таман келуі тиіс ұшақ Алматы әуежайына сағат 11-де ғана қонды. Ал, күміс иеленген парадзюдошыларды күтіп алуға жақындары, жанкүйерлері мен тілшілер жиналды. Олар жеңімпаздарды құшақ-құшақ гүлмен, жігерлі сөздер жазылған плакаттармен қарсы алды. Әуежайда шашу шашылып, ән де шырқалды.

- Ән, шашу...

Парадзюдошы Әнуар Сариев Риода кеткен есемді Токиода қайтардым деп есептейді. Десе де, мақсаты паралимпиада чемпионы атану еді. Өкінішке қарай, алтынға бір қадам қалғанда шалыс бастым дейді спортшы.

Әнуар Сариев, паралимпиаданың күміс жүлдегері:

- 2016-да менде денсаулығымнан проблема болды өте көп. Салмағым жеткен жоқ. Судья жағынан честно болған жоқ. Сосын өзіме не қойдым ғой. Бұйырса осы 20-да мақсат қойдым да, финалға шығам ұтам деп, бір медалімді алам деп. Енді негізі өзімнің мақсатым алтын алу болды. Өзім кішкене құттай ошибкам, шансымнан айырылып қалдым да осы.

Ал, Зарина Байбатина паралимпиада ойындарына алғаш рет қатысқан. Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен дзюдошы да алтыннан дәмелі еді. Десе де, жарақатының кесірінен оған қол жеткізе алмаған. Енді Байбатина келесі паралимпиадада олқылықтың орнын толтырам деп отыр. Ал, қоржынымызға тағы бір күміс әкелген Теміржан Дәулет жеңісін елге арнады.

Теміржан Дәулет, паралимпиаданың күміс жүлдегері:

- Қазақстанға арнаймын бәрін. Жеңісімнің бәрін. Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жылдығына. Біз біргеміз. Қазақстан алға!

Паралимпиада жеңімпаздарына әдеттегідей әуежайда су жаңа көлік мінгізілмеді. Десе де, демеушілер күміспен оралған спортшылардың әрқайсысына 1 миллион теңгеден табыстады. Еске салайық, Жапония астанасында өтіп жатқан дүбірлі додада Қазақстан осыған дейін төрт медальға қол жеткізді. Биыл еліміз өз тарихында жазғы паралимпиадаға ең көп спортшы апарғанын айта кетейік. Яғни, ел намысын 25 отандасымыз қорғауда. Жарыс қыркүйектің бесінде аяқталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде